18 ақпан 2025 жылы “Аманат” партиясы және “Venera print” кәсіп орнының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жиынға М.Шоқай атындағы №187 IT мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары қатысты.
8- сынып оқушылары “Venera print” жарнама агенттігіне экскурсияға барды. Экскурсия барысында техникалық мамандыққа байланысты түрлі қолданылатын техникалармен танысып,аппараттардың қалай жұмыс жасайтындығы түсіндірілді.Бұл аппараттар арқылы дизайндалған жұмыстарды түрлі материалдарға басып шығарды.Мысалы:жазу,сурет үлгілерің футболкаларға,кружкаларға,баннерлерге шығаруды айқын көрсетті.Осы кәсіп иесі Венера Нартайқызы өз жетістіктерімен бөлісіп,оқушыларды дизайнер,инженер маманы болуға шақырып қыр-сырымен бөлісті.Жоба соңында оқушылар өздеріне арнайы осы мекеменің ұйымдастырған фуршеттен дәм татып, іс-шара жайлы интервью жүргізілді.
2025 жылдың 3 наурызында М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейдің 10-11-сынып оқушыларына «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының Ұлттық бірыңғай тест және кәсіби бағдар беру бөлімінің жауапты мамандары Әлиев Мағжан Несіпбайұлы мен Төлеген Аягөз Серікқызы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Онда мамандықтар комбинациясы,қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар,олардың ҰБТ-тегі грантқа түсу балы жөнінде ақпараттар берілді.
Орталық мамандары 10-11-сынып оқушыларынан алынған сынама тест қорытындысын таныстырып,жоғары ұпай жинаған оқушыларға тегін,30,25 пайыздық жеңілдікпен сертификаттар тапсырылды.ҰБТ-те 120+ және одан жоғары жинаған оқушыларға арнайы сыйлықтар берілетіндігін айтты.