Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
Кіру
AA+
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
"М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі (IT-мектеп-лицей)" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mustafashokai-187.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

АТА -АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

2024-2025 оқу жылында аудандық білім беру ұйымдарында 1-11-сынып оқушыларының мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес:

✅1)Ұлдардың формасы: қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет;

✅2) Қыздардың мектеп формасы:  қара көк түсті (темно—синий) пиджак, жилет,  қара-көк түсті  белдемше (юбка, ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.

✅3) Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық қара шалбар, куртка, ақ  футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовки, кеды) тұрады.

✅4)Мектеп формасына түрлі ❌  діни аксессуарлар, джинсы, слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа, тор, кожа юбкалар сияқты қатысты киім элементтерін қосуға болмайды ❌❌❌