ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
IELTS (халықаралық тестілеу жүйесі)-ана тілі ағылшын тілі еместердің тіл білу деңгейін тексеру мақсатында тестілеуден өткізетін танымал да сұранысқа ие емтихандардың бірі.
IELTS нәтижелері әлемнің 135-тен ас мемлекетіне жарамды.Сонымен қатар 6000-нан астам оқу орындары мен мемлекеттік және кәсіби мекемелер, Ұлыбритания,Канада,Жаңа Зеландия және де Австралия елшіліктері,АҚШ елінің 3000-нан астам жоғары оқу орындары бұл тестті мойындайды.
Біздің мектебіміздің оқушылары да IELTS емтихандарынан бақтаын сынап,жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
11-сынып оқушылары Қылышбеков Мирас пен Рысбай Дінмұхаммед-6,5 балл,Өсерова Манзура 7 балл жинады.
Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы Ұлттық бірыңғай тестте жоғары балл жинап,грант иегері атануына тілектестігімізді білдіреміз.