Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
Кіру
AA+
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
"М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі (IT-мектеп-лицей)" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mustafashokai-187.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түзете-дамыту жұмысы

 

Күні: 12.12.2024ж

Тақырыбы: : «Көшедегі қауіпсіздік»  

Қатысқандар: 5 сынып оқушылары

Мақсаты:«Көшедегі қауіпсіздік»  сабақта баланың сыртқы ортада өзін ұстауы мен қатерлерден сақтануы, қауіпсіз ортада жүруі, сонымен қатар самокат пен велосипед тебу мәдениеті туралы ақпарат алады.

Бала көшеде таныс емес адамдармен сөйлеспей, қауіпті адамдардан аулақ жүруі керек. Сондай-ақ бөтен адаммен кіреберіске, жертөлеге, лифтке бірге кірмегені дұрыс және біреу артынан қуаласа, адам көп жүретін жерге қашу қажет.

Ең алдымен бейтаныс адамның сөзіне алданбау. Көшеде, мектепте немесе аулада ойнап жүргенде көп бейтаныс адамды көресіңдер. Ол адамдардың көбі жақсы болуы мүмкін, бірақ олардың арасында ниеті жаман адамдар да кездеседі. Қасыңда тұрған бейтаныс адам күмән тудырса, оның қасынан кетіп қалып немесе оны алға өткізіп жіберу керек. Егер қасыңа келіп, таныс емес адам көмек сұраса немесе тәтті беріп алдаса, «мен сізді танымаймын, білмеймін» деп, адам көп жерге қашып кету керек. Яғни бөгде адамдармен ешқайда баруға болмайды. Мектепке және үйге таныс жолмен ғана бару керек.Ол балаларға егер мектептен бөтен адам алып кетуге келсе, онда оны дереу ата-анаға ескерту керегін айтты. Оны жасырмай ата-анаға, сынып жетекшіге айту керек..

 

Қорытынды: Әрине сендер көшеде достарыңмен ойнағанды ұнатасыңдар. Бірақ көшеде қандай қауіпсіз және қауіпті жерлер барын еске сақтауларың керек. Қауіпсіз жерлер – ол аула, ойын алаңы, үйдің немесе дүкеннің жанындағы жарық аумақ. Ал қауіпті жерлер – ол құрылыс алаңдары, соның ішінде қауіпсіз қалған жертөлелер, қараңғы аулалар. Көбінесе балалар құрылыс алаңдары барып ойнағылары келеді. Алайда адам жоқ жерлерге барып ойнауға болмайтынын қаперде ұстаған дұрыс.

      

Ұсыныстар: Қауіпсіз уақыт деген – ол жарық және күндізгі уақыт. Ал қауіпті уақыт – түнгі, қараңғы кез. Бірақ балалар күндізгі уақытта да өздеріне қауіп төнуі мүмкін екенін біле жүруі кере екенін әрқашан түсіндіріп отыру.

 

Түзете-дамыту жұмысы

 

Күні: 18.11-22.11.2024ж

Тақырыбы:  Өз көңіл күйіңді қалай көтеруге болады?» тренингі

Қатысқандар: 5-6 сынып оқушылары

Мақсаты: тренингке қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру,
Өтілу барысы:

  1. «Бір-бірімізбен амандасайық»
    2. «Кел, танысайық»

3.«Көңіл- күйімді тап»

  1. «Ыстық орындық»
  2. «Бұзылған телефон»
  3. «Карусель жаттығуы»

«Қане танысайық!» жаттығуы.Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырады. Бұл жерде өзінің есімін, өмірінің қызықты жайларына тоқталуға болады. Біз бір – бірімізбен таныстық. Енді өзімізді өзіміз білеміз бе?

«Көңіл- күйімді тап»жаттығу.Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күй мен эмоциядағы суреттер таратылады. Қатысушы тез арада сұраққа жауап беруі тиіс: «Бұл қандай эмоция және көңіл-күй, адамдарда мұндай көңіл-күй қайдан болады? Сенде осындай көңіл-күй болды ма?» Осындай көңіл-күйпантомимо арқылы көрсету, біреу көрсетеді, қалғандары қайталайды

«Ыстық орындық»жаттығу .Барлық қатысушыларға кезекпен ортада тұрған орындыққа отыруды ұсынады, және әрбір адам ортада отырған адамға кезекпен жағымды сөздер, комплимент айтады.

«Карусель» жаттығуы .Мақсаты: Бұл ойын әрбір адамның сауаттылығын, мінез, көңіл-күйін, салауаттылық қабілетін өзгерте білуіне, салауаттылық арқылы өзгелермен еркін араласу қабілеттерінің дамуына көмектеседі

Қорытынды: «Алма ағашы»
Тренингке қатысушылар тренингтен алған әсерлерін, жүргізушіге деген тілектерін алмаға жазып, ағашқа іледі.

                   

Ұсыныстар:

Оқушылармен пән мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, күшейту, оқушылардың  өздеріне сенімділікті арттыру.