Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
Кіру
AA+
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
"М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі (IT-мектеп-лицей)" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mustafashokai-187.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

2025 жылдың ақпан айында  ағылшын тілі пәні мұғалімі М.Кәртаева "Reciprocal Teaching Strategy in the Age of AI" тақырыбында қала көлемінде жас мамандарға ағылшын тілі пәні бойынша шеберлік сағатын өткізді Шеберлік сыныбына  59 жас маман қатысып, кәсіби дамуын жетілдірді. Бұл шеберлік сағаты "Reciprocal Teaching" (өзараоқыту) стратегиясының жасанды интеллект (AI) дәуіріндегі мүмкіндіктері мен қолданылу жолдарын қарастыруға бағытталған. Өзара оқыту стратегиясы – оқушылардың оқу үдерісінде бір-бірімен белсенді әрекеттесіп, өзара түсінісу және білім алмасу арқылы ақпаратты меңгеруге көмектесетін әдіс. Шеберлік сағатында осы әдістің негізгі төрт компоненті: болжау жасау, сұрақ қою, түсіндіру және қорыту әдістеріқарастырылды. Қазіргі таңда жасанды интеллект оқыту үдерісіне үлкен әсер етуде. Әсіресе, оқушылардың оқу қабілеттерін жеке-жеке анықтап, әрқайсысына жеке қолдау көрсету үшін AI құралдарын тиімді қолдануға болады. Осыған орай, шеберлік сағатында AI технологияларының оқушылардың өзара оқыту әдісін қалай қолдай алатыны, оқытуда автоматтандырылған кері байланыс жүйелерінің маңызы, сондай-ақ, интерактивті платформалар мен ресурстарды пайдалану мәселелері талқыланды.

Шеберлік сағатының мақсаты: мұғалімдерге AI технологияларын қолдана отырып, өзара оқыту стратегиясын тиімді әрі нәтижелі жүзеге асыру жолдарын көрсету. Бұл әдіс мұғалімдерге оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытып, белсенді оқу ортасын құруға мүмкіндік береді. Мұғалімдерге "Reciprocal Teaching" стратегиясын AI технологияларымен біріктіріп қолданудың тиімді жолдарын көрсету.

Шеберлік сағатының мазмұны: Reciprocal Teaching стратегиясы: Стратегияның негізгі компоненттері (болжау жасау, сұрақ қою, түсіндіру және қорыту) туралы жан-жақты түсінік беріледі.

AI және оқу: Жасанды интеллекттің оқыту әдістемесіне әсері, оқушылардың білім алуын жеке тұлғаға бағытталған түрде қолдайтын құралдар туралы ақпарат беріледі.

Практикалық қолданыс: Мұғалімдерге AI негізіндегі оқу құралдары мен платформалар (мысалы, білім беру ойындары, чат-боттар, интерактивті жүйелер) арқылы өзара оқыту стратегиясын қалай тиімді жүзеге асыруға болатындығы туралы нақты мысалдар келтіріледі.

 

Шеберлік сағатының нәтижелері:

-Мұғалімдер өзара оқыту әдісін қолдануда заманауи технологияларды тиімді пайдаланудың жолдарын түсінеді.

-Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру үшін AI құралдарын интеграциялаудың мүмкіндіктері көрсетіледі.

-Мұғалімдер өз тәжірибесінде AI мен өзара оқыту стратегиясын біріктіріп, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді дамыту үшін қолдана алады.

Күтілетін нәтиже:

-Мұғалімдер жаңа білім мен дағдыларды өз сабақтарында қолдану арқылы оқушыларға жан-жақты білім беру мүмкіндігіне ие болады.

-Оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділіктері мен мотивациялары артады.

-AI мен өзара оқыту әдісінің синергиясын пайдалану арқылы оқу нәтижелерін жақсарту мүмкіндіктері артады.