Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
Кіру
AA+
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
"М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі (IT-мектеп-лицей)" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mustafashokai-187.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Тақырыбы: «Балалардың суицидтік және аутодеструктивті мінез-құлықының алдын-алу, психологиялық кеңес  беру жұмыстары

 

Мақсаты:  Балалардың суицидтік және аутодеструктивті мінез-құлықының алдын-алу

Қатысушылар: 5-11 сынып ата-аналары,сынып жетекшілері.

Жұмыс барысы: (Психологиялық топтық кеңес беру т.б.)

Баламен дұрыс эмоционалдық қарым-қатынас орнатқан жөн,суицидтің алдын алу үшін аянбай жұмыс істеуіміз қажет.Бала мен ата-ананың арасында  эмоционалды байланыстың жоқтығы баланы суицидке итермелеуі мүмкін. Суицидке баратын балалардың арасында ата-анасы ажырасып кеткендер,әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылық жанжалдар көп болатын  отбасылардан шығады. Суицидтің алдын аламыз десек,ең бірінші отбасындағы хал- ахуалды түзеуіміз қажет. Өзінің психологиялық эмоциясын еркін ұстай алмайтын аналар да кезігеді .Өзінің өмірге деген өкпесін,біреуге кеткен  есесін бейкүнә балаларынан алуға бейім тұратын ата-аналар да болады .Жасөспірімдердің эмоционалдық күйіне әсер етуі мүмкін кең таралған жағдайлардың бірі мектепте болатын  қорқыту, арандату және кемсіту ,осы жағдайларды әрқашан баласымен,оқушымен сөйлесіп жасөспірімдерден мұндай жағдайды қалай жеңуге болатындығы түсіндіріліп отыру қажет.Психологтар  жасөспірімдерге, олардың сенім артатын қандай-да бір адамы бар ма және қорқыту , кемсіту болған жағдайда ол адам көмек көрсете ала ма, соны анықтап жұмыс жасайды,бала ата-анаға,мұғалімге өз ойын ашық айта білуге үйрету керек.Ата-аналарға, депресиялық жағдайда болатын эмоциялар,белгілер туралы түсіндіріп ,балаларға қиын жағдайда жалғыз еместігіне сендіріп,көмек қолын созатынына сендіре білу керектігі түсіндірілді.

 Қорытынды:

Ата-аналармен пән мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту суицидтік және аутодеструктивті мінез-құлқының алдын-алу бойынша бірлесе жұмыс жасау..

 

h title="тест 2" al" cl" />"

 

Тақырыбы: Лудомания

Мақсаты:  Балаларға ойынқұмарлықтың  алдын алу бойынша түсіндіру

Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары

 

 

 

Телефонға тәуелділік қазіргі заман дертіне айналды. Ол аздай телефонда еңбектеген бала мен еңкейген қарияға дейін қызықтыратын түрлі қосымшалар мен арнайы порталдар саны күн санап артып келеді. Дәрігерлер мен сарапшылар оның адам азғасына қаншалықты зиян екенін айтса да, оны елеп-ескеріп жатқандар кемде-кем, деп хабарлайды «10-жасқа дейінгі балаларға телефонды тәулігіне 1,5 сағат қана қарауына рұқсат. Ал одан жоғары жастағы жасөспірімдерге 3 сағатқа дейін қарауына болады. Көрсетілген нормадан артық қараған жағдайда жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Баланы телефоннан алшақтатудың тағы бір жолы – бірге отырып сурет салу немесе бірігіп ас дайындау секілді басқа нәрсеге қызығушылығын дамыту», - Ойынқұмарлық – аса қауіпті психологиялық дерт. Бұл дерт наркоманиядан да ауыр болып келеді, себебі наркологиялық, ішімдік пен шылымға тәуелділіктен адамдар емделіп жатса, ойынқұмарлықтың дауасын табу қиынға соғады. Өкінішке орай, оны маскүнемдік және нашақорлық сияқты аурулармен бір қатарға қояды. Кез келген тәуелділік – емдеуді қажет ететін теріс құбылыс. Ең алдымен, тәуелділік адамды еркіндігінен айырады, бұл денсаулық үшін өте зиянды. Өйткені белгілі бір әдетке тәуелді адам ерте ме, кеш пе, өз өмірін бақылай алмай, оның ауруының басты себебі болып табылатын затқа қатысты жүруді жалғастырады. Бұл аурудың қорытындысы адамды жақындарынан алыстатып, өмір маңыздылықтарынан ажыратады. Ойынқұмарлық адам өміріндегі басқа бөліктеріне қатты әсер етеді, бірақ оны ойнап жүрген адам өзі байқамауы, мойындамауы мүмкін. Адамның денсаулығына, жеке өміріне, отбасындағы қарым-қатынас, жұмысына, достарының арасындағы сенім, абырой-беделден айырып, осының барлығына әсер етеді. Сондай-ақ, қандай да бір тәуелділік, ол ерте ме, кеш пе, агрессияға әкеледі деген факт бұрыннан дәлелденген. Ең басты ақаулық бұл ойынқұмардың өзін ауру емеспін деп есептеуінде, ол өзін кез келген уақытта тоқтай аламын деп ойлайды. Алайда уақыт өте келе өзінің қалай құрдымға кетіп бара жатқанын байқамайды. Өкінішке орай, бұл процесті емсіз тоқтату мүмкін емес. Нашақорлық пен маскүнемдікке қарағанда, ойынқұмарлық едәуір ерте дамыған сыңайлы. Бұл тәуелділік адамның көруіне ғана емес, оның психологиялық және эмоциялық жағдайына да әсер ететін компьютерлік ойындарға қатысты

Балалардың телефонға қатты әуес болуының бірден-бір себебі – ата-ана арасындағы қарым-қатынастың аздағы дейді психолог. Өзін жалғыз, дәрменсіз, елеусіз сезінген кезде оның ең жақын досы электронды құрылғы болатыны сөзсіз. Маманның айтуынша, баладан телефонды бірден түбегейлі бас салып тартып алуға болмайды. Бұл оның ашушаң болып өсуіне әсер етеді екен. Бастапқыда кешкі сағат 21.00-ден кейін смартфон қарамаймыз, тәулігіне 1.5 сағаттан артық телефон ұстауға болмайды деген секілді аздаған шектеулер енгізу керектігін айтады