Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
Кіру
AA+
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
"М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі (IT-мектеп-лицей)" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mustafashokai-187.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

МҰСТАФА ШОҚАЙ АТЫНДАҒЫ № 187 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МЕКТЕП- ЛИЦЕЙІНІҢ ТАРИХЫ

 

         Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Мектеп шәкірттерге үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда.Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру – мектеп ұжымының басты мақсаты. №187 қазақ орта мектебі 1993 жылы 30 қыркүйекте Қызылорда қаласы әкімшілігінің №462 шешімімен өз жұмысын бастады. Қала орталығындағы  Мұстафа Шоқай көшесінде орналасқан білім ордасына 1997 жылы қала әкімінің  шешімімен  Мұстафа Шоқай есімі берілді.   Бүгінгі таңда  білім беру – бірінші кезекте нәтижеге бағытталған толыққанды, сапалы және бәсекеге қабілетті болуы қажет. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа  ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа әдістемемен оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.Осы мақсатта «Жалпы білім беру ұйымының кейбір мәселесі туралы» 2019 жылғы  12 маусымдағы № 13513 қаулысымен мектебіміз «Қызылорда қаласы білім бөлімінің Мұстафа Шоқай атындағы               №187 ақпараттық технология мектеп-лицей» Айти - мектеп – лицей) коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып  өзгертілді.

Мектеп ашылғалы білім ордасын басқарған әрбір басшының үлкен ұжымның алдына мақсат қойып, оны жоспарлы түрде іске асырылуына, кадр мәселесінің тұрақталуына, педагогтардың қазіргі жаңа талапқа сай потенциалының көтерілуіне жағдай жасап,педагогикалық ұжымды үнемі жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағыттауда қосқан үлесі зор. Сонымен қатар шәкірттердің білімге деген ынтасын арттыру мақсатында биік талап деңгейінен көрінуде талай игі істердің ұйтқысы болып,мектептің материалдық техникалық базасының нығаюына көп еңбек сіңірді.

1993 – 1998 жылдар аралығында мектепті Қизатова Алма Жәлелқызы басқарған жылдарымектеп ауласын көгалдандыру қолға алынып, Мұстафа Шоқай атындағы бақ ашылды. Мектеп кабинеттері заман талабына сай жабдықталды.

1998 – 2000 жылдар аралығында Нұрымбетов Тәшкенбай Қанибайұлының  басшылығымен оқу-тәрбие жұмыстары біршама алға жылжып, білім сапасы артты.

2000 – 2007 жылдар аралығында мектепті Әбиев Батырбек Алтынбайұлы басқарған кезеңдері мектеп ұжымы «Сорос-Қазақстан» қорының салауатты өмір салтын сақтау негізінде ұйымдастырылған конкурсқа қатысып, 6000 $ грант жеңіп алды.

2007 жылы ақпан – қазан айлары аралығында Жәмішев Әлімхан Жәмішұлының басқаруыменмектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталды.

2007 -2012 жылдары мектепті Орманов Базарбай Айтбайұлыбасқарған кезеңде  мектептің іргетасы қатайып, білім беруде үздік маман кадрларын даярлап, білікті ұстаздар қатарын көбейтті. Одан бөлек, білімді шәкірттердің санын арттырып, білім сапасының артуына ықпал ете білді. Бүгінгі таңда мектепті үздік аяқтаған түлектер еліміздің әр түкпірінде, тіпті, шет елдерде жоғары білім алуда,сонымен қатар мектеп оқушылары республикалық, облыстық байқауларда жүлдегер атанды. 2012 жылы қыркүйек-қараша аралығында мектепті Жолтаев Болат Әбенұлы басқарды. 2012 - 2019 жылдары Мусабаева Айгүл Нажмадинқызы басқарған кезеңде қазыналы білім ордасына айналған мектебіміздің  әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосуда.2018 жылы мектеп ұжымы  «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігімен Америка Құрама штаттарының Қазақстан Республикасы елшілігінің кіші гранттар бағдарламасына қатысып, «Ерекше балалар аналар орталығы» атты жобасының 10 миллион грантын ұтты.Кабинет ерекше балалардың тірек-қимыл қозғалыстарын жақсартуға, ойлау қабілетін,танымдық әрекеттерін  дамытуға, арт терапиялық жаттығулар жасауға  арналған   арнайы құрылғылар және ойыншықтармен жабдықталған.Кабинетте арнайы  психолог,  дефектолог мамандар жұмыс жасайды.2019 жылдың наурыз айынан бастап күні бүгінге дейін мектебімізді Баймбетов Ұлықпан Мылытықбайұлы басқарып келеді. 

    Баймбетов Ұлықпан Мылтықбайұлы 1974 жылы 30 тамызда Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. Мамандығы – тарих және құқық пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі - 29 жыл.

Еңбек жолын 1993 жылы Шымкент қаласындағы  №44 Б.Момышұлы атындағы орта мектепте  мұғалім қызметімен бастаған. 1994 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты №101 орталау мектепте тәлімгер қызметін атқарды. 1996-2002 жылдары Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты №145 орталау мектепте тарих және құқық пәні мұғалімі болып жұмыс жасады. Ал 2002-2003 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы №211 орта мектепте, 2003 жылдан 2010 жылдың тамызына дейін №212 орта мектепте, 2010 жылдан 2012 жылдың қыркүйек айына дейін №264 мектеп-лицейде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2012 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың қыркүйек айына дейін Қызылорда облыстық Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры қызметін абыроймен атқарған. 2014 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың қаңтарына  дейін қалалық білім бөлімінің әдіскері болып қызмет жасады. 2015 жылдың қаңтар айынан 2019 жылдың наурыз айына дейін Н. Ильясов атындағы        №9 мектеп-гимназия директоры лауазымын атқарды. 2019 жылдың наурыз айынан  күні бүгінге дейін М. Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі директоры қызметін атқаруда.

Тәуелсіз мемлекетіміздің алдында  тұрған  негізгі мақсаттардың бірі-дүниежүзілік білім кеңістігіне ену. Осы бағытта – әрбір білім ордасына, мұғалімдер қауымына жүктелген міндет, үлкен талап - білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу-білім реформасын  жүзеге асыру болмақ,

Осы орайда 2019 жылдың наурыз айынан бастап мектебімізді басқарып келе жатқан Баймбетов Ұлықпан Мылтықбайұлының бастамасымен  М. Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицей ұжымы  келелі істерді еңсеріп,  алдына  үлкен  міндеттер қойып отыр.

Бүгінгі таңда ІТ мектеп-лицейде 41 сынып, онда 1045 оқушы білім алуда. Мектеп 30 жылдық өсу, даму жолынан өтіп келеді. Қай жұмыс орнында да  істің тетігін мамандар шешеді. Ендеше, білім сапасын көтеру ісі, жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру  ұстаздар қауымына  байланысты.Мектеп-лицейдің  педагогикалық   ұжымының   сапалық   және   сандық  құрамы қажетті педагогикалық  потенциалмен толық  қамтылған.  Мектеп-лицейде 112 мұғалім еңбек етеді. Оның 44% -педагог-зерттеуші, 19% -педагог-сарапшы, 21%- педагог-модератор, 22%- педагог санатындағы жас мамандар.     Қазіргі таңда мектебімізде 17 педагогика ғылымының магистрлері және 2 PHd ғалым  жұмыс атқарады. Бұл барлық педагог қызметкерлердің 15% пайызын құрап отыр.Оқу тілі – қазақ. Бағыты –жаратылыстану-математикалық.Мектептің жалпы қуаттылығы 1266 орынға есептелген,                                3 қабатты, жалпы ғимарат типтік жобада. Мектепте материалдық-техникалық базамен жабдықталған 34 оқу  кабинеті бар.Оның ішінде  соңғы үлгідегі химия, физика, биология және STEAM кабинеттерімен жабдықталса, спорт зал, акт зал, асхана, информатика, мультимедиа кабинеттері,7 стем-смарт панельталапқа сай жұмыс жасауда.Мектебіміз  ақпараттық технология (ІТ) мектеп- лицей болғандықтан осы бағытта материалдық жабдықталуына назар аударылуда. Мектептің төменгі қабатында электронды жүгіртпелі жол тақтасы мектептің барлық жаңалығы туралы мәлімет беріп отырады. Оқу кабинеттерінің барлығы  20 Мбит/с құрайтын кең жолақты  интернет  желісіне Wi-Fi нүктелері арқылы қосылған.  Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік. Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі және сапалы білім беру нәтижесінде 2021-2022 оқу жылында білім сапасы   65,2% көрсетті.

2021 - 2022 оқу жылынан бастап тәрбие саласы бойынша төмендегідей негізгі жобалар іске асырылуда: еліміздің  мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге  құштар, елінің  тарихын білетін, тілін, дінін,  әдет ғұрып, салт - санасын қастерлейтін, еңбекқор  да, салауатты, адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны  өзін-өзі басқарту  арқылы  қалыптастыру мақсатындағы жобалардың бірі оқушылардың өзін-өзі басқаруы ұйымы  жұмысы  жалғасуда,  мектеп-лицей жанынан құрылған «Шоқай ұландары» дебат клубы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Ақиқат» саяси пікірсайыс клубымен тығыз қарым-қатынаста  жұмыс жасап келеді.  Оқу сауаттылығы – табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі екендігі барлығымызға мәлім. «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасын іске асыруда мектеп-лицей кітапханасындағы  «Coworking» орталығы оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін, бос уақытын тиімді өткізетін және шығармашылықпен айналысуға қолайлы алаң деуге болады. Мұнда кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрышы құрылған. Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құштар балалар санын арттыратын жаңа электронды  ресурстарды  пайдалануға болады.

«Мектеп- кеме,білім-теңіз» демекші,теңіз түбіндегі інжу-маржан шәкірттер мен оның әр жылдағы түлектері адами құндылығының байлығы саналса керек.30 жылдық даму тарихы бар білім ордасында  17 «Алтын белгі» және 40 «Үздік аттестат» иегері  білім ошағынан түлеп ұшып,қазіргі таңда республика облыс көлемінде ел игілігіне қызмет жасап жүргенін мақтанышпен айта аламыз.Атап айтар болсақ:  Кәрібозова Айнұр – Ұлыбританияның Лондан қаласындағы Қазақстан елшілігінде І хатшы.

Ибраев Уалихан – Қызылорда облысы аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесінің директоры

Нұрмахова Нұргүл – Алматы қаласының АО «Азиякредит» банкінде автоматтандыру жүйесі бойынша бөлім басшысы.

Қалив Шыңғыс – Қызылорда облысы бойынша салық коммитетінде бөлім басшысы.

Сматов Естай – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша депортаментінің ақпараттық талдау бөлімінің маңызды істер жөніндегі офицері.

Ғалымұлы Саламат – Қызылорда облысы Сырдария аудандық ІІБ тергеу бөлімінің басшысы.

Абдуллаұлы Дастан – Қызылорда су жүйесі МКК абонент бөлімінде инспекция бақылау тобының басшысы.

Оразбаев Азамат –Алматы қаласындағы АОО КСЕLL филиалының директоры.

Жамуров Қанат – ҚР ІІМ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесінің бастығының орынбасары.  Жастарды рухани қолдау, дарынды да талантты жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Елбасы медалі» республикалық жобасына қатысып, қола медаль жүлдегері атанған мектебіміздің 11 сынып оқушысы Үрмеғали Ақжан – мектеп  мақтаныштарының бірі.                                                                                                                                                                                              

2021-2022 оқу жылынды 55 оқушы  мектеп бітіріп,  соның  39  оқушысы ҰБТ-ге қатысты.  Жалпы орташа балл – 94,6%. Мемлекеттік білім беру грантын иеленгендер   саны-32,  бұл ҰБТ қатысқандардың- 70 % құрайды.

        Мектебіміздің тарихында «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы иегері болған физика пәнінің мұғаліміБакиров Ермек ағайдың орны ерекше. Еңбек жолын 1973 жылы бастаған бастауыш сынып мұғалімі  Садықова Айткүл апайымыз «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталған. Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы иегерлері Қ.Иманбердиева, А.Садықова, Р.Есбосынова, Т.Елеуова, Т.Жолдыбаева, Р.Досымова, Д.Сәрсенбаева, Б.Қазбекова, Е.Келманова, К.Айтбаева, Қ.Жанұзақова, А.Шахатова және ұрпақ тәрбиелеуде білім беру саласына қосқан үлестері үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған ұстаздарымыз Н.Бедерова, Қ.Шухаманова, Б.Дүндібаева, Н.Омарова, Қ.Едербаева, С.Бөрібаева, Б.Жанболғанова, Р.Тоқмырзаева, Б.Наурызбаева, Б.Омарханова, Ә.Құрманиязов және Р.Ысқақова сияқты ақылшы ардагерлеріміздің ұстаздық жолы бізге үлгі. Мұғалімнің кәсіби құ­зы­реттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық техноло­гияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік қабілеті де кең болмақ.Қазіргі таңда мектебіміздің дамуына зор үлесін қосып келе жатқан  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алматова Күлзат Елубайқызы жыл қортындысы бойынша білім салсындағы  үздік жетістіктері үшін  қала әкімінің «Жыл ұстазы» номинациясымен марапатталды.Мектеп-лицейде білім берудің ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен инновациялық технологияларды зерттеп,оны өз іс-тәжірибесінде қолдану  арқылы оқу-тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына өз үлесін қосып жүрген білікті ұстаздарымыз –қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Рыстығұлова Анар және Нұрманова Гүлнәз Республикалық «Теле-Сабақтар» жобасы аясында көрсеткен шығармашылық ұстанымы,білім беруге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды.2019-2020 оқу жылдарында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері Сыздықова Ұлбала «Үздік шығармашыл педагог», Сқақова Айгүл «Үздік педагог» номинациясы бойынша  қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталып және  150 000 теңге сыйақысын жеңіп алды. 2020-2021 оқу жылында  География пәнінің мұғалімі, «Үздік авторлық бағдарлама-2021» облыстық байқауының жеңімпазы Қалжанова Раушан қала әкімінің 150 000 теңге сыйақысын жеңіп алып ,Түркістан қаласында өткен  «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас» атты республикалық география пәні мұғалімдерінің сьезіне делегат болып қатысып,баяндама оқыды.ІТ  мектеп-лицейі ретінде білім ордасының мақсаттарының бірі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді STEM бағдарламаларымен кіріктіре оқыту арқылы нәтижелі білімге қол жеткізу.Осы орайда мектебіміздің жас маманы,п.ғ.м Ахатай Ақжан Ақарыстанқызы Қазақстандағы білім беру мен цифрландыру саласындағы отандық мамандар тобының қолдауымен іске қосылған STEM тренерлерін даярлаудың халықаралық Қазақстан-Тайланд оқыту бағдарламасы бойынша  республикалық конкурсының  грант иегері атанып,Республикалық STEAM тренер атанған жас маман.Сонымен қатар Ахатай Ақжан 2022 жылы Алматы қаласында математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналған IX Халықаралық шығармашылық байқауында математика пәні бойынша жүлделі III орын иеленді.«Цифрлы Қазақстан» бағдараламасын іске асыру мақсатында ІТ мектеп-лицейде Bala QR жобасы жүзеге асырылуда және Қызылорда облыстық «Ақпараттық технологиялар орталығы» қолдауымен «Grand Master бағдарламалау мектебі» арасында ақпараттық технология бағытындағы жұмысты жетілдіруде бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес 9 сынып оқушылары Шапшаң Абылай және Арипов Абылай Өзбекстан республикасы Ташкент қаласында ІТ жобалар сайысына қатысып арнайы сертификаттар иеленді.                                                                                                      

       Пәндік олимпиада –дарынды оқушылардың шығармашылығын шыңдайды. Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылық жетелеу. Осы бағытта мектеп оқушылары пәндік олимпиада да жоғары нәтижелерге қол жеткізді 2020-2021 оқу жылында 11 сынып оқушысы Кішкенбай Асқар құқық пәні бойынша облыстық олимпиаданың ІІ орын иегері атанып, 2021-2022 оқу жылында  5 сынып оқушысы Ғалымжанқызы Қарақат тарих пәнінен облыстық кезеңде жүлделі ІІ орын иеленді.

Мектеп-лицейдің ұстаздары оқушыларды оқу-тәрбие үдерісінде жаңаша серпін мен шығармашылық жұмыстарға баулуда оқушылар арасында өткізілген қалалық, облыстық, республикалық түрлі тақырыптағы шығармашылық және ғылыми жобалар байқауларына қатысып,жүлдегер атануында қосқар үлесін де мақтанышпен айтуға болады.  2019-2020 оқу жылынан бері Жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын» РҒПО өткізген ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Әбілда Еркежан қазақ тілі пәні бойынша І орын, Избенбетов Ақылбек ағылшын тілі пәні бойынша, Шамшатдинов Бекарыс математика пәні бойынша ІІІ  орын иеленді. 7 сынып оқушысы Серік Нұрдәулет «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде «Робототехника» бағыты бойынша жүлделі ІІ орын иеленіп, 11 сынып оқушысы Болатұлы Барысхан «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық идеялар облыстық фестивалінде физика пәні бойынша  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің  грантының Сертификатын  жеңіп алды.  Мектеп тарихына енген үлкен жетістіктеріміздің бірі- 11 сынып оқушысы Ерболатұлы Сәкен   «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауында «Компьютерлік графика және 3D модельдеу» номинациясының жеңімпазы атанып,Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Балалар жылын аяқтау іс-шарасына орай өткізілген «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары:қорғаудың жаңа тетіктерін енгізу» балалар өкілдіктерінің Республикалық кеңесімен кездесу шарасына Қызылорда  облысы  атынан мектебіміздің 10 сынып оқушысы Алдаберген Ақмаржан қатысты.Қазақстан Республикасы Оқу және ағарту министрі А.Аймағамбетовпен кездсу барысында Қызылорда қаласы бойынша «Жасұлан » ұйымының Ұланбасы, бала өкілі, оқу үздігі, Дебат қозғалысының белсенді мүшесі шәкіртіміз Ақмаржан «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп парламенті», «Мектеп театры» және Дебат жобалары аясында атқарылған жұмыстары жөнінде  айтып, өз ұсыныстарымен бөлісті.

    Мектеп-лицейдің даму бағдарламасының басты миссиясы- инновациялык, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың жеке, шығармашылық және ғылыми -зерттеушілік қабілеттерін зерделеу, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау болса, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді STEM бағдарламаларымен кіріктіре оқыту арқылы нәтижелі білімге қол жеткізуді басты мақсат етіп отырмыз.
Ең басты міндеттеріміздің бірі –оқушының сапалы білім алуы мен дамып өсуіне  қолайлы  және қауіпсіз  жағдай  жасаумен қатар  «ІТ математика » жобасын қолға алып,  жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба барысында мектеп-лицей оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шараларды  іске асыру, әрбір педагог қызметкердің жұмыс нәтижесі, білім сапасы (есепке алу, сараптау, талдау, бағалау) туралы  электрондық  ақпараттық  банк құру ,мектеп –лицей  оқушыларының білім сапасын бағалау, мониторинг жүргізу және  білім  беру  үдерісін   бақылаудың  жаңашыл,  заманауи электрондық  түрлерін  енгізу мектеп-лицейдің басты міндеттері.                                                                                                                Ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытуда мектеп ұжымының алдында әлі де жетер жетістіктері, алар асулары, бағындырар белестері алда.