Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
Кіру
AA+
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
"М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі (IT-мектеп-лицей)" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mustafashokai-187.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

ХБГ пән бірлестігінің «Әлемнің заманауи ғылымы-жаратылыстану бейнесі» атты апталықтың 10 күндігі

М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейінде 09.12.2024ж – 20.12.2024ж аралығында “ Химия, биоллогия және география: Әлемнің заманауи ғылымы-жаратылыстану бейнесі ” тақырыбында химия, биоллогия және география пәндері бірлестігінің 10 күндігінің ашылуы болып өтті.

Мақсаты:

  • сабақтың сапасын арттыра отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, білімін,қызығушылықтарын   және  логикалық   ойлау   қабылеттерін  дамыту;
  • пән мұғалімдерінің әдістемесін тарату және өзара еңбек қарым-қатынасын нығайту.
  • Онкүндік аясында түрлі ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, оқушылар шығармашылығы көрсетілді.

Онкүндік 09.12.2024ж – 20.12.2024ж. аралығында жүргізілді.   

📌 09.12.2024ж – 13.12.2024ж. аралығында пән мұғалімдері өздерінің жоспарланған ашық сабақтарын өткізді. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді, ІТ платформаларды пайдаланып, топтық, жұптық және жеке де жұмыстар жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, пәнге деген қызығушылығы артты.

📌 17.12.2024ж – 20.12.2024ж. аралығында сыныптан тыс іс-шаралар жүргізілді.

         📌 17.12.2024 ж. 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен жаратылыстану пәнінен «Жаратылыстану ғажайыптары» тақырыбында КВЕСТ ойыны өткізілді. Оқушылар «Каспий теңізі» , «Арал теңізі» , «Балқаш көлі» болып 3 топқа бөлінді. Оқушылар белсенді қатысып , нәтижесінде «Каспий теңізі» тобы жеңіске жетті. Сайыс қорытындысы бойынша:

          🏆 «Каспий теңізі» тобы , 5 «Б» сынып  – І орын;

          🏆 «Арал теңізі» тобы, 5 « Ә» сынып  – ІІ орын;

          🏆 «Балқаш көлі», 6 «А»  сынып – ІІІ орынды иеленді;

     📌 18.12.2024 ж. 7-9 сынып оқушыларының арасында «Бүкіл әлем сөйлейді,   нақты ғылым тілінде» атты ғылыми жобалар конкурсы болып өтті.

Мақсаты: Әлемді қоршған табиғат пен тіршіліктің бір бірімен  үйлесімді қарым қатынасы туралы нақты ғылымдар арқылы терең түсінік қалыптастыру. Ғылымның көмегімен табиғат заңдылықтарын түсініп, адам мен табиғаттың байланысын зерттеу.

Жобалар конкурсының барысында 3D атластың үлгісі графиктер мен суреттер арқылы көрсетіліп, қызыл кітаптағы түрлеріне қысқаша сипаттамасы және карта мен визуализацияға мысалдар келтірілді.

📌 19.12.2024 ж. 10 сынып оқушыларының арасында «Қызық екен» атты жаратылыстану пәндерінен білімділер сайысы болып өтті.

Мақсаты: Әлемді қоршаған табиғат пен тіршіліктің бір-бірімен үйлесімді қарым- қатынасы туралы нақты ғылымдар арқылы терең түсінік қалыптастыру. Ғылымның көмегімен табиғат заңдылықтарын түсініп, адам мен табиғаттың байланысын зерттеу.

📌 20.12.2024ж. – химия, биоллогия және география пәндері бірлестігінің онкүндігі қорытындыланды. Онкүндіктің жабылу салтанатында оқушылар өнерлерін көрсетіп, химия, биоллогия және география пәндеріне деген қызығушылықтарының басым екендіктерін дәлелдеді. Онкүндікке белсенді қатысқан оқушылар мен сайыс жеңімпаздары Дипломдармен марапатталды.

 

Мектеп директорының бейінді

оқыту ісі жөніндегі орынбасары:                           Л.Төлегенова

 

Пән бірлестігінің жетекшісі:                                   Р.Қалжанова