ДАРЫНДЫ БАЛА-ЕЛ ҮМІТІ
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.Оқушы дарындылығының дамуы,қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екеніне айдан анық.
2024-2025 оқу жылының қыркүйек айынан бастап мектеп-лицей оқушылары
- Зияткерлік сайыстарда
- Пәндік олимпиадаларда
- Робототехника
- Шығармашылық бағытта
- Өнерде және басқа да сайыстарда білімдерін сынап, жетістерге жетті.
Оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын дамытып,қабілеттіліктерін арттыратын республикалық пәндік олимпиаданыңІІ кезеңіне қатысқан 5-6 сынып оқушылары жүлделі орындар иеленіп,пән мұғалімдерін, мектебіміздің мәртебесін арттырды.
5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды
- Байназар Жанайым - 5 сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәнінен қалалық кезеңде І орын иегері
- Пән мұғалімі- Қайықбаева Жадыра
5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары
- Байназар Жанайым – 5 сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәнінен І орын Пән мұғалімі: Қайықбаева Жадыра
- Дәулетхан Айқын – 5 сынып оқушысы, математика пәнінен ІІ орын Пән мұғалімі: Тоғманова Гүлбағира
- Әбілқасым Ержан- 5 сынып оқушысы, жаратылыстану пәнінен ІІ орын Пән мұғалімі: Тажиева Индира
- Шамшатдин Айзере- 5 сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын Пән мұғалімі:Жамиева Анар
- Махмут Адият – 5 сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын Пән мұғалімі – Абилдаева Айнур
- Орынбасар Інжу – 5 сынып оқушысы, ағылшын тілі пәнінен ІІІ орын Пән мұғалімі- Пірмаханова Гүлжән
- Таңсық Нұрай – 6 сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын Пән мұғалімі: Өтешова Ақтоты
- Қойшыбай Аяулым – 6 сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын Пән мұғалімі: Скакова Айгүл
- Жақыпов Айдар – 6 сынып оқушысы, математика пәнінен ІІІ орын Пән мұғалімі: Әділбек Гүлжән
- Жайшылық Мұхтар – 6 сынып оқушысы, ағылшын тілі пәнінен Алғыс хат Пән мұғалімі- Кәртаева Майра