Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
Кіру
AA+
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
"М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі (IT-мектеп-лицей)" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mustafashokai-187.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

М.Шоқай атындағы № 187 ІТ мектеп – лицейінде   әдебиетіміздің алып тұлғасы, ұлы жазушы, қазақ әдебиетінің алтын қорын байытқан тарихи романдардың авторы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына арналған “Аңыз болған Ілияс” танымдық сағат   өтті


Мақсаты: Еліміздің болашағы жастардың жан-жақты дамуы үшін тарихи шығармаларды, романдарды оқыта отырып оларды талдап жас ұрпақтың бойына сіңіру. І.Есенберлиннің тарихи шығармалары арқылы Отанын туған жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Қазақ елінің тағдыры мен тарихы туралы киелі ой қозғаған Ілияс Есенберлин- қазақ әдебиетінің ғана емес,қазақ халқы тарихының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға.


Ілияс Есенберлин – қазақ халқының тарихи мұрасын жаңғыртқан, ұлт рухын асқақтатқан шынайы шығармаларымен танымал тұлға. Оның еңбектері халқымыздың еркіндікке деген ұмтылысын терең суреттеп, ұлттық рухани байлықты дәріптейді.


Ең танымал романдары:
– «Көшпенділер» трилогиясы Қазақ халқының сан ғасырлық тарихын, азаттық үшін күресін жан-жақты бейнелейді.
– «Алтын Орда» трилогиясы Алтын Орда дәуіріндегі саяси-әлеуметтік өмір мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуын көрсетеді.
– «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Айқас», «Махаббат мейрамы» және басқа да романдары адам тағдыры мен рухани әлемін, өмір сынақтарын суреттейді.

Есенберлин шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, қазақ әдебиетінің биіктігін бүкіл әлемге паш етті.

 

https://www.facebook.com/share/18AHM3Vdtj/?mibextid=wwXIfr