М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицей кітапханасында «Оқуға құштар ұрпақ» және «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыру және кітап оқуды насихаттау мақсатында кітапханашы Г.Дүрімбетованың ұйымдастыруымен «Мектеп кітапханасы –рухани мәдениет мекені» атты танымдық оқу сағаты өтті.
Мақсаты: Кітап оқуға насихаттау, ертегі әлемімен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Балаларға шын көңілден шаттық көңіл күй сыйлау. Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету, қызығушылық қабілеттерін ояту. Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа тәрбиелеу
Оқушыларымыз кітапхана қорындағы балалар кітаптарымен таныстырып, кітап оқудың пайдасы жайында түсіндірілді. «Алтын балық» ертегісі баяндалып, балапандар армандарын ортаға салды. «Алтын сақа», «Ұр тоқпақ», «Бауырсақ», «Шалқан», «Жеті лақ», т.б, ертегілер бойынша викториналық сұрақтарға жарыса жауап берді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1637320646848594&id=100017120221225&mibextid=WC7FNe