М.Шоқай атындағы № 187 ІТ мектеп – лицейінде Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мен мектеп кітапханашы Г.Дүрімбетованың ұйымдастыруымен, «Балалар кітапханасын» жобасын жүзеге асыру және кітап оқуды насихаттау мақсатында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты танымдық сайыс өтті.
Мақсаты: Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру, ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сайыс "Менің атым Қожа" фильмінідегі "Біз Отанның ұланымыз" әнімен басталып, 6- сыныптар арасында ІІІ кезең бойынша бақ сынады.
І-кезең: «Таныстыру» әр топ өздерін таныстырады.
ІІ-кезең: «Менің атым –Қожа» повесті бойынша 5-7 минуттық сахналық қойылым.
ІІІ - кезең: «Ойлан тап» Б.Соқпақбаев шығармашылығынан сұрақ – жауап:
Шарада Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Халқы сүйген қаламгер» атты кітап көрмесі таныстырылды. Менің атым - Қожа» повесінен үзінділер бойынша оқушылар арасында сахналық қойылымдар қойылды. Сайыс қорытындысы бойынша «Ең сүйкімді Қожа» номинациясын 6 «Ә» сынып оқушысы Исабек Шәкәрім иеленді
Бас жүлде 6 «Ә» Жасұлан тобы
1 орынға 6 «Б» Болашақ тобы
2 орын 6 «В» Достық тобы
3 орын 6 «А» Қыран тобы
Сайыс тартысты әрі қызықты өтті.
https://www.facebook.com/share/p/1GJBsseqNK/?mibextid=WC7FNe