Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
Кіру
AA+
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
"М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі (IT-мектеп-лицей)" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mustafashokai-187.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

 

      Хаттама №3

2025 жылдың 8 қаңтар күні  сағат 10.00 де өткізілген кезекті

 педагогикалық кеңес

 

Қатысқаны :103

Күн тәртібінде:                             

  1. 2024-2025 оқу жылының II-ші тоқсаны бойынша білім сапасы мен үлгірім қорытындысы және білім сапасын арттыруда атқарылған жұмыстар.
  2. ҰБТ-ге дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы
  3. Білім алушылардың сабақтан қосымша білім алумен қамтылуы. Профилактикалық есептегі оқушылармен жүргізілген жұмыстар.
  4. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңінің қорытындысы

 Тыңдалды:

      II-ші тоқсан бойынша білім сапасы мен үлгірім қорытындысы

       Директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нысанова        

 

2023-2024 оқу жылының ІІ тоқсанын 987 оқушы аяқтады. 1-11 сыныптар бойынша оқушылар төмендегідей білім сапасын көрсетті: Барлығы – 987, үздіктер – 202 оқушы, екпінділер – 335 оқушы, білім сапасы – 59,29%, үлгірім – 100%. 1-4 сыныптар бойынша 388 оқушының 108 үздік, 120 екпінді, білім сапасы – 74,85%. 5-9 сыныптар бойынша 477 оқушының 79 үздік, 167 екпінді, білім сапасы – 51,17 %. 10-11 сыныптар бойынша 122 оқушының 15 үздік, 48 екпінді, білім сапасы – 51,87%. Мұнан кейін білім сапасы бойынша алдыңғы бестікте тұрған сыныптар мен соңғы ондықта тұрған сыныптардың мониторингі жасалды.

Алдыңғы бестікте тұрған сыныптар: 2«Б»барлығы- 19,үздік-9,екпінді-9,білім сапасы-94.74%; 4«Ә» барлығы- 26,үздік-12,екпінді-12,білім сапасы-92.31%; 5«Ә» барлығы- 24,үздік-8,екпінді-11,білім сапасы-79.17%; 7«А» барлығы-24,үздік-6,екпінді-11, білім сапасы-70.83%; 11«Б»барлығы-19,үздік-3,екпінді-8,білім сапасы-57.89%.;

Соңғы ондықта тұрған сыныптар. 6«В»барлығы- 24,үздік-1,екпінді-5,білім сапасы-25%; 8«В»барлығы- 24,үздік-0,екпінді-7,білім сапасы-29,17%; 9«А» барлығы- 24,үздік-1,екпінді-6,білім сапасы-29,17%; 9«В» барлығы- 27,үздік-4,екпінді-6,білім сапасы-37,04%; 5«В»барлығы- 24,үздік-3,екпінді-6,білім сапасы-37,5  7«Б»барлығы – 16, үздік-0,екпінді-6,білім сапасы-37,5%;7«Ә» барлығы- 22,үздік-2,екпінді-7,білім сапасы-40,91%; 8«А» барлығы- 24,үздік-2,екпінді-8,білім сапасы-41,67%; 5«А»барлығы- 19,үздік-3,екпінді-5,білім сапасы-42,11; 10«А»  барлығы- 23,үздік-2,екпінді-8,білім сапасы-43,48%.

     Сынып жетекшілеріне ІІ оқу тоқсанының бағасымен ата-аналарды таныстыру керек екендігіне тоқталды.

ҚАУЛЫ:

1.Білім сапасы мен үлгірім қорытындысы бойынша төмен  көрсеткіштегі пәндердің  берілу сапасына бақылау жүргізіліп, зерделенсін;

2.Оқу дағдысы, оқуға қызығушылығы төмен оқушылармен жеке жұмыстар жоспарланып, білім сапасын арттыру бойынша   жұмыстар  өз дәрежесінде ұйымдастырылсын;

 Тыңдалды:

 2.ҰБТ-ге дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы

Директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Л.Төлегенова

2024-2025 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай  тестке дайындық мақсатында алынған сынама тест қорытындысы  желтоқсан айында

Барлық бітірушілер саны 60

ҰБТ қатысқаны -55

Шекті деңгейден өтпегендер-3

50-70 балл-26

71-90 балл-12

91-100балл-5

101 және одан жоғары-3

Шығармашылық тапсырғандары-8

Ең жоғарғы балл-120

Ең төменгі балл-41

Орташа балл -72,1

«Алтын белгіге», «Үздік аттестатқа» үміткерлердің сынама тесттегі балы

 1.Абдулла Хафиз

Қаз тарих орт .балл-11

Матем сауат орт .балл-5

Оқу сауаттылығы-9

Биология -40

Химия -29

Орташа балы-94

2.Өсерқызы  Манзура

Қаз тарих орт .балл-13

Матем сауат орт .балл-8

Оқу сауаттылығы-9

Ағылшын тілі орт.балл-38

Д.Тарих орт. Балл-24

Орташа балы-92

3.Төлеп Жансая

Қаз тарих орт .балл-16

Матем сауат орт .балл-8

Оқу сауаттылығы-9

Қазақ тілі орт.балл-45

Қазақ әдебиеті орт .балл-42

Орташа балы-120

4.Қожабай Қарақат

Қаз тарих орт .балл-14

Матем сауат орт .балл-4

Оқу сауаттылығы-10

География орт.балл-22

Математика орт.балл-31

Орташа балы-81

5.Сүлейман Нұршат

Қаз тарих орт .балл-14

Матем сауат орт .балл-6

Оқу сауаттылығы-8

Биология -43

Химия -21

Орташа балы-92

6.Арипов Абылай

Қаз тарих орт .балл-19

Матем сауат орт .балл-8

Оқу сауаттылығы-7

Математика орт.балл-32

Информатика-42

Орташа балы-101

7.Мұнарбаев Қуаныш

Қаз тарих орт .балл-13

Матем сауат орт .балл-10

Оқу сауаттылығы-7

Математика орт.балл-37

Физика-23

Орташа балы-90

8.Шапшаң Абылайхан

Қаз тарих орт .балл-13

Матем сауат орт .балл-8

Оқу сауаттылығы-8

Математика орт.балл-37

Информатика-22

Орташа балы-98

Қаулы:

11 - сынып оқушыларының ҰБТ –ға дайындық сынамаларының қорытындысы ата-аналар мен мұғалімдер арасында талдансын.Мектеп бітірушілер, үздік аттестат үміткерлерін ҰБТ-ға дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсін.

 Тыңдалды: Білім алушылардың  сабақтан қосымша білім алумен қамтылуы. Профилактикалық есептегі оқушылармен жүргізілген жұмыстар.

        Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Жапбасбаева                                                

 Біртұтас тәрбие бағдарламасының  жүзеге асырылуы туралы.

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Осы ретте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша өткізілген шараларға  талқылау жұмыстары жүргізілді.

Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылған тәрбие жұмысы оқушының бойында ұлттық құндылықтарды пәндік мазмұн мен сынып сағаттарында, сыныптар тыс шараларда көрініс тапты. Бағдарлама аясында Мектеп – мейірбандық мекені» («Өзіңе және өзгеге жақсылық жаса» жобасы) бойынша 1-9 сыныптарда тәрбие сағаттары жүргізілді.

(«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы, Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша, «Отбасылық дәстүрлер» («Ғаламтор қауіпсіздігі» жобасы),

(«Тоғыз айға тоғыз шара» жобасы), «Бір отбасы – бір кітап» («Балалар кітапханасы» жобасы), («Оқуға құштар мектеп» жобасы)  , «Қалдықтарды табысқа айналдырайық» («Еңбегі адал жас өрен» жобасы) ,

(«Ата-аналар мектебі» жобасы), «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» («Ұлттық мектеп лигасы»), «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды» («Ата-аналар мектебі» жобасы) бойынша іс шаралар өткізілді.

 Мектеп- лицей  психологы Мұхашова Кенже

 Мектептегі психологиялық қызмет жұмыс  жоспары  бойынша 5-11 сынып оқушыларының психикалық денсаулығын анықтау мақсатында жүргізілген

«М. Ковач»  «НСВ-10»  сауалнамалар  қорытындысы  негізінде анықталған қолдау ,бақылау тобына  және профилактикалық есепке алынған оқушылармен жүргізілген жұмыстар туралы айтып өтті. Оқушылармен тәрбие орынбасары, сынып жетекші, әлеуметтік педагог және психологпен бірлескен жоспар негізінде кейс ашып, жұмыс жүргізілуде.Оқушыларға жеке жоспар жасалынып,сыныппен  баланың әлеуметтік мүмкіншілігін ынталандыру мен дамытуға бағытталған ағартушылық,түзете –дамыту жұмыстары жүргізілуде.

 Бірінші және екінші тоқсанда психологиялық сүйемелдеудің міндеттерін атқару аясында жоспарға сәйкес мектеп жағдайларына бейімделуді қамтамасыз ету, мектепте оқу ынтасын көтеру,  шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары жүргізілуде. Диагностиканың нәтижелері бойынша  жеке ағарту және түзету жұмыстары  ұйымдастырылады. 

Барлық деңгейдегі базалық компоненттердің қалыптасуының жағымды динамикасы (салауатты өмір салы және денсаулығына бағалы  қатынасының қалыптасуы, түрлі спортпен шұғылдануға және  жаттығуларды орындауға жағымды ынтасының қалыптасуы және т.б.)ұйымдастырылуда.

    Ата-анасының рұқсатымен  Психологиялық қолдау орталығының психолог маманымен 5 оқушы кеңеске барды. Психологиялық  сұхбаттасу нәтижелері оқушылардың  ынтасы мен өзін бағалауы жоғарылағанын, мектептегі қобалжу көрсеткішінің төмендегенін көрсетеді.

Тәрбие орынбасары  Л.Жапбасбаева :

        1.Профилактикалық есептегі ,әлеуметтік осал топтағы, өмірлік қиын жағдайдағы отбасынан шыққан оқушыларды анықтау, талдау мақсатында әлеуметтік осал топтағы, өмірлік қиын жағдайдағы отбасынан шыққан оқушылардың отбасының тұрмыстық-материалдық-психологиялық жағдайын зерттеуге үйлері араланып, үй –тұрмыстық акт  жасалынды.

        Бұл оқушылардың отбасына әлеуметтік педагог  қажеттілігіне қарай  әлеуметтік қолдау тегін тамақпен қамтылып,  тәрбие саласы мамандары тәрбиелік шараларға, сабаққа қатысуын қадағалау жұмыстары, мектеп психологтары оқушыға және отбасына психологиялық  қолдау көрсетіп,бақылануда. Оқушылармен топтық ағартушылық, түзету-дамытушылық жұмыстар жұмыстар жүргізіліп, тәрбие орынбасарлары үйлестіру жұмыстарын жасалынып отырғанын айтты.

Қаулы:

1.Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы тәрбие құндылықтарын оқушы бойына сіңіру әрбір пән мұғалімі мен сынып жетекшілерге міндеттелсін.

2.Әлеуметтік жобалармен жұмыс жасау мектеп тәлімгері А.Үсеноваға жүктелсін.

3.Психологиялық қолдау ,бақылау тобына және профилактикалық есепке  алынған  оқушылармен, отбасымен жұмысты ұйымдастыру, өмір қауіпсіздігін қатаң бақылауға алынсын.

3.Тыңдалды:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңінің қорытындысы

 Мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары                                                                                                 

                                                                                                      С.Егізбаева

2024-2025 оқу жылы бойынша білім алушыларды жалпы білім беретін пәндерден олимпиадаға дайындау мақсатында «Жас дарын» олимпиадалық резерві құрылып, 5-11 сыныптардан 168 оқушы қамтылып,пән мұғалімдерінің оқушылармен жұмыс жоспары бекітіліп,дайындық кестесі бекітілді. Пән мұғалімдері «Дарын» ДҒПО тест сұрақтары,оқулық,тест кітапшалары бойынша дайындық жүргізде. Қоғамдық- гуманитарлық, жаратылыстану- математика бағыты бойынша 5-7 сынып,7-8  сыныптарда                 2 рет оқушылардын тест алынып, 5-6 сыныптар бойынша мектепішілік кезеңге 43 оқушы қатысып,олимпиада ережесіне сәйкес 6 пәннен бір оқушыдан12 оқушы қалалық кезеңге іріктеліп жіберілді: математика,жаратылыстану,ағылшын тілі,орыс тілі,қазақ тілі мен әдебиеті және жаратылыстану.Нәтижесінде жүлделі орын

5-6 сыныптар бойынша-   11 оқушы жүлделі орын иеленді,                                                  7-8 сыныптар бойынша -  7 оқушы

9-11 сыныптар бойынша – 13 оқушы

Барлығы – 31 оқушы жеңімпаз аталып,1 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Жалпы – 61 оқушы қатысып, 31 оқушы жеңімпаз атанды, 50 пайыз

Қаулы

     Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатыстыру және  дайындығын жақсарту,  барлық бағыттағы олимпиадаға қатысушылардың резервін қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілсін.

                  

                  Мектеп-лицей директорының

                   уақытша міндетін атқарушы:                       К.Е.Алматова

 

                                                           Хатшы:                        Ә.Ідірісова