М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейінде сәуір айының 17 жұлдызында қазақ әдебиетінің қаламгері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстаннынң халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың туылғанына 120 жыл толуына орай «Ә.Сәрсенбаев. Сәулелі жұлдыз іздеген адам» тақырыбында танымдық сабақ өтілді.
Мақсаты: Ә.Сәрсенбаевтың «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесі бойынша Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбектерін үлгі ету, оқушыларды білімге, ғылымға шақыру, өнерге баулу; Отанын сұюге,туған жерге,елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ барысында оқушыларға «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесінің шығу тарихы туралы мәліметтер беріліп,әңгіменің кейіпкері Ы.Алтынсарин жайлы ақпараттар айтылды.
Оқушылар «Егер мен мұғалім болсам...» тақырыбында эссе жазып, «Менің арманымдағы мектеп» тақырыбы аясында суреттер салды.