Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
Авторизация
AA+
КГУ «Школа-лицей информационных технологий №187 имени М.Шокая»
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. Мұстафа Шоқай
КГУ «Школа-лицей информационных технологий №187 имени М.Шокая»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mustafashokai-187.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт

 «Өнер – өмір жемісі» тақырыбында  көркем еңбек, музыка, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндері апталығы болып өтті.

Апталықтың ашылу салтанаты мектептің фойесінде болды. Іс-шараның жүргізушісі музыка пәні мұғалімі Махатәлиев Ә. онкүндіктің ашылуына орай сөз кезегін директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Төлегенова Ләззат апайға берді. Ләззат апай көркем еңбек, музыка, кәсіпкерлік негіздері пәндерінің ерекшеліктеріне тоқтала тырып, апталықтың жоғары дәрежеде өтуіне сәттілік тіледі. Мектеп фойесіне «Шебердің қолы ортақ» тақырыбындағы  оқушылардың қолөнер  туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Көрмемен пән мұғалімдері Балғабаева Ш. мен Тойшыбаев М.таныстырып, еркеше дайындалған «Жыл мезгілдері», «Су бұрқақ», «Ақылды үй» туындыларына тоқталып өтті. Домбыра үйірмесінің оқушылары жетекшісі Махатәлиев Әділжанмен бірге «Ерке сылқым» күйін орындады.

       

Бекітілген жоспарға сәйкес мұғалімдер ашық сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарын өз дәрежесінде өткізді.  «Шебердің қолы ортақ» тақырыбындағы апталықтың ашылуын  пән мұғалімдері Балғабаева Ш.,Тойшыбаев М., Махаталиев Ә. ұйымдастырды.

Апталық барысында бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар өткізді.

07.02.2025ж Көркем еңбек пәні мұғалімі Тойшыбаев Махсат 9 «б» сыныбына «Графикалық құжаттама. Техникалық спецификация» тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабаққа оқушылар толыққанды қатысып практикалық жұмыстар орындалды, ашық сабаққа сынып жетекшісі,мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен бірлестік мұғалімдері қатысты.

         

 

28.01.2025ж  Абуова А 8 Б сыныбына «Халықтық пішім негізіндегі киім дизайны /тұтаспішімді жең/»  тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақ барысында қыздар толық әрі белсенді қатысып практикалық жұмыстар орындады. Бұйымды қол тігісі арқылы біріктіріп дайын бұйымды таныстырды.Ашық сабаққа бірлестік мұғалімдері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып өз пікірлерімен бөлісті.

                                     

30.02.2025ж Көркем еңбек пәні мұғалімі Балғабаева Шолпан 5 «ә» сыныбына «Сымнан бұйымдарды модельдеу» тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабаққа оқушылар толыққанды қатысып жұмыстар орындалды, ашық сабаққа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен бірлестік мұғалімдері қатысты.

4 ақпан 2025 ж. музыка пәні мұғалімі Пірімжанова А. 6 сыныптар арасында «Әуенді тап»  сазды ойын сабағын  өткізді.  Сабақтың мақсаты: оқушылардың жан-жақты дамуына, әнге деген құмарлығын байқау, балалардың түрлі әуендерді білуі, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы сазға деген сүйіспеншілігін арттыру.

03.02.2025ж Балғабаева Шолпан көркем еңбек пәні мұғалімі 5-7 сынып оқушылары арасында «Бояулар құпиясы» тақырыбында сурет байқауын өткізді.

     

7 ақпан күні сағат 12.00де мектептің акт залында «Өнер – өмір жемісі» тақырыбындағы апталықтың жабылу салтанаты болып өтті. Ә.Махаталиев жетекшілік ететін «Домбыра» үйірмесінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Концерттің соңында директордың орынбасары Төлегенова Л. мен бірлестік жетекшісі Абуова А. сөз алып, апталықта көрме, сайыс жеңімпаздарын құттықтап, марапаттап, онкүндікті қорытындылады.

 

 

Бірлестік жетекшісі:                                     Абуова А.

Хатшы:                                                          Балғабаева Ш.