2025 жылдың 03 сәуірінде кәсіби бағдар беру мақсатында «Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» КМҚК «Мамандықтар әлемінде» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.Оған мектебіміздің 9-сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: оқушыларға жұмысшы мамандығы жылына орай мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды кеңінен насихаттау, сондай-ақ,жастардың кәсіби бағдарлануына ықпал ету,еңбек нарығына қажетті мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру
Колледж мамандықтарымен таныстырып, құжаттарды қабылдау уақыты,қажетті құжаттар тізімін ,білім алушыларға ұсынылатын жеңілдіктер , дуальды оқыту барысында жұмыс орнымен қамтамасыз етілетіндігі айтылды.Жатақханалар оқу корпустарының жанында орналасқан. Бұдан басқа да әлеуметтік жеңілдіктер берілмек.Студенттер оқу жылында уақыттарының басым көпшілігін өндіріс орындарында өткізіліп,тәжірибе жинақтау барысында ақы төленетіндігі жөнінде мағлұмат берілді.