Новости
Түзете-дамыту жұмысы
Күні: 12.12.2024ж
Тақырыбы: : «Көшедегі қауіпсіздік»
Қатысқандар: 5 сынып оқушылары
Мақсаты:«Көшедегі қауіпсіздік» сабақта баланың сыртқы ортада өзін ұстауы мен қатерлерден сақтануы, қауіпсіз ортада жүруі, сонымен қатар самокат пен велосипед тебу мәдениеті туралы ақпарат алады.
Бала көшеде таныс емес адамдармен сөйлеспей, қауіпті адамдардан аулақ жүруі керек. Сондай-ақ бөтен адаммен кіреберіске, жертөлеге, лифтке бірге кірмегені дұрыс және біреу артынан қуаласа, адам көп жүретін жерге қашу қажет.
Ең алдымен бейтаныс адамның сөзіне алданбау. Көшеде, мектепте немесе аулада ойнап жүргенде көп бейтаныс адамды көресіңдер. Ол адамдардың көбі жақсы болуы мүмкін, бірақ олардың арасында ниеті жаман адамдар да кездеседі. Қасыңда тұрған бейтаныс адам күмән тудырса, оның қасынан кетіп қалып немесе оны алға өткізіп жіберу керек. Егер қасыңа келіп, таныс емес адам көмек сұраса немесе тәтті беріп алдаса, «мен сізді танымаймын, білмеймін» деп, адам көп жерге қашып кету керек. Яғни бөгде адамдармен ешқайда баруға болмайды. Мектепке және үйге таныс жолмен ғана бару керек.Ол балаларға егер мектептен бөтен адам алып кетуге келсе, онда оны дереу ата-анаға ескерту керегін айтты. Оны жасырмай ата-анаға, сынып жетекшіге айту керек..
Қорытынды: Әрине сендер көшеде достарыңмен ойнағанды ұнатасыңдар. Бірақ көшеде қандай қауіпсіз және қауіпті жерлер барын еске сақтауларың керек. Қауіпсіз жерлер – ол аула, ойын алаңы, үйдің немесе дүкеннің жанындағы жарық аумақ. Ал қауіпті жерлер – ол құрылыс алаңдары, соның ішінде қауіпсіз қалған жертөлелер, қараңғы аулалар. Көбінесе балалар құрылыс алаңдары барып ойнағылары келеді. Алайда адам жоқ жерлерге барып ойнауға болмайтынын қаперде ұстаған дұрыс.
Ұсыныстар: Қауіпсіз уақыт деген – ол жарық және күндізгі уақыт. Ал қауіпті уақыт – түнгі, қараңғы кез. Бірақ балалар күндізгі уақытта да өздеріне қауіп төнуі мүмкін екенін біле жүруі кере екенін әрқашан түсіндіріп отыру.
Түзете-дамыту жұмысы
Күні: 18.11-22.11.2024ж
Тақырыбы: Өз көңіл күйіңді қалай көтеруге болады?» тренингі
Қатысқандар: 5-6 сынып оқушылары
Мақсаты: тренингке қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру,
Өтілу барысы:
- «Бір-бірімізбен амандасайық»
2. «Кел, танысайық»
3.«Көңіл- күйімді тап»
- «Ыстық орындық»
- «Бұзылған телефон»
- «Карусель жаттығуы»
«Қане танысайық!» жаттығуы.Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырады. Бұл жерде өзінің есімін, өмірінің қызықты жайларына тоқталуға болады. Біз бір – бірімізбен таныстық. Енді өзімізді өзіміз білеміз бе?
«Көңіл- күйімді тап»жаттығу.Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күй мен эмоциядағы суреттер таратылады. Қатысушы тез арада сұраққа жауап беруі тиіс: «Бұл қандай эмоция және көңіл-күй, адамдарда мұндай көңіл-күй қайдан болады? Сенде осындай көңіл-күй болды ма?» Осындай көңіл-күйпантомимо арқылы көрсету, біреу көрсетеді, қалғандары қайталайды
«Ыстық орындық»жаттығу .Барлық қатысушыларға кезекпен ортада тұрған орындыққа отыруды ұсынады, және әрбір адам ортада отырған адамға кезекпен жағымды сөздер, комплимент айтады.
«Карусель» жаттығуы .Мақсаты: Бұл ойын әрбір адамның сауаттылығын, мінез, көңіл-күйін, салауаттылық қабілетін өзгерте білуіне, салауаттылық арқылы өзгелермен еркін араласу қабілеттерінің дамуына көмектеседі
Қорытынды: «Алма ағашы»
Тренингке қатысушылар тренингтен алған әсерлерін, жүргізушіге деген тілектерін алмаға жазып, ағашқа іледі.
Ұсыныстар:
Оқушылармен пән мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, күшейту, оқушылардың өздеріне сенімділікті арттыру.
Психологиялық ағарту жұмысы
Күні: 27.01.2025ж
Тақырыбы: Зорлық-зомбылықтың, буллингтің, кибербуллингтің және балаларға қатігездікпен қараудың алдын –алу, психологиялық ағартушылық жұмыстары
Қатысқандар: мектеп ұжымы ,ата-аналар
Мектеп психологі К.Мұхашова жыл басынан бері өңірімізде жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстардың жалпы санының өсуі байқалады. Қорқыту, ақша жинау фактілері және баланың құқықтарын бұзатын басқа да әрекеттер, оның ішінде буллинг тіркелгендігін полиция департаменті бастығы сөз етті. Оның айтуынша, қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың көпшілігінде бос уақыттары дұрыс ұйымдастырылмаған. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқының алдын алу мақсатында полиция, білім беру ұйымдары және өзге де уәкілетті органдар ата-аналарды тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру, профилактикалық жұмыстарды үнемі жүргізеді. Сонымен қатар, полиция департаментінің мониторингі нәтижесінде биылғы жылы әлеуметтік желілерде суицидті насихаттайтын әлеуметтік желілердегі 266 парақша жабылды.Тұрмыстық құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында 5,1 мыңға жуық адам ұсталды. Оларға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды, сот арқылы мінез-құлықтарына ерекше талаптар белгіленді. Барлық құқықбұзушы арнайы профилактикалық есепке қойылып, тұрғылықты жері бойынша үнемі тексеріледі, профилактикалық әңгімелесуден өтеді. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеуге қатысты міндеттерін орындамайтын 254 ата-ана анықталып, жауапкершілікке тартылды, 19-ы ата-ана құқығынан айырылды.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі кәмелетке толмағандар арасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
«Жасөспірімдер арасында қылмыстар деңгейін төмендету бойынша облыстық білім басқармасы Полиция департаментімен бірге арнайы топ құрып, өзекті мәселелерге назар аударуы тиіс. Буллинг мәселесі де бей-жай қарайтын мәселе емес. Буллинг білім беру орындарында орын алса, шұғыл шараларды қолға алу қажет. Қылмысқа барған балалардың ата-аналарын шақырып, сөйлесіп, енді қайталанбайтындай етуіміз керек. Сондай-ақ, буллинг туралы хабарлау бойынша жұмыстарды күшейтуге тиіспіз. Яғни, оқу орындарында осындай дерек барын біреу мәлімдесе, құпиялылығын қамтамасыз етіп, барынша сол хабарлаушыны қорғауымыз керек.
Өңір басшысы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуден бөлек, балаларды үйірмелер мен секциялармен қамтуды ұлғайту, білім беру мекемелерінің бейнебақылау камераларын полицияның жедел-диспетчерлік орталықтарына қосу жөніндегі жұмысты жалғастыру, оқушылардың девианттық мінез-құлқын анықтау және алдын алу жөніндегі жұмыстарды күшейту керектігін қадап айтты.
Қорытынды :Қатысушылар өз еріктеріне орай алған әсерлерімен бөліседі.
Ұсыныс: оқушылардың девианттық мінез-құлқын анықтау және алдын алу жөніндегі ,тәрбие орынбасарларының,сынып жетекшілерінің жұмысын күшейту психологтардың жұмысын күшейту .
Психологиялық ағарту жұмысы
Күні: 16.12-20.12.2024ж
Тақырыбы: Сақшыларды оқыту/ вахтер/ағартушылық жұмыс
Қатысқандар: мектеп ұжымы
Мақсаты мектептердегі кәмелетке толмағандар арасында суицидалды мінез-құлықтың алдын алу.
Жасөспірімдер балалық шақтан жасөспірімдік кезеңге өткен кезде өздерінің өмір сүру стилін таңдайды. Бұл балалардың қазіргі және олардың болашақтағы денсаулығына әсер етеді.
Қауіпті мінез-құлық және психикалық денсаулыққа қатысты қиын мәселелер жасөспірімдер арасында кең таралған.
Қауіпті іс-әрекет әдетте басқа да жағымсыз факторлармен бірге байқалады және ол денсаулық пен психикалық мәселелерге кері әсер етеді
Бала кезден бастап психологиялық денсаулық пен салауатты өмір салтының дұрыс қалыптасуына ықпал ету қажет. Суицид сақшысы» (ағылшын тілінен «gatekeeper») болып адамның суицид жасау ниеттерін байқай алатын кез-келген тұлға саналады. Мектептегі / колледждегі мұғалімдер және техникалық қызметкерлер жасөспірімнің мінез-құлқындағы өзгерістерді байқап қалып, оған уақытылы көмек көрсете алады. Психолог назарынан тыс қалған балаларды бақылау, анықтай білу, қажет кезінде қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастырады
Бүкіл әлемде жыл сайын суицид салдарынан 800 000 адам өлімі орын алады әрбір 40 секунд сайын бір адам қайтыс болады ҚАТЕР ФАКТОРЫ дегеніміз не?
Қауіп қатер факторы-жеке тұлғаның қандай да бір қасиеті, ерекшелігі немесе аурудың, травманың даму ықтималдығын арттыратын сырттан келетін қандай да бір әсер.
БАЛАЛЫҚ ШАҚТАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ / ҚАРАУСЫЗ ҚАЛУЫ
Балалық шақтың жайсыз естеліктері (эмоциональдық, физикалық және сексуалдық зорлық) өз-өзіне қол жұмсау қатерін 2 – 5 есе арттырады
- ОТБАСЫНДАҒЫ СУИЦИД ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ОТБАСЫНДАҒЫ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Генетикалық себептерден басқа суицидтік мінез-құлық отбасылық психопатологиямен байланысты, соның ішінде-нашақорлық, тұлғаның аффективті, невротикалық бұзылулары.
Отбасындағы суицидалды мінез-құлық жағдайлары-өз-өзіне қол жұмсау әлеуметтік жағдайлармен (яғни кедей және әділетсіз ата-ана, отбасылық зомбылық, балаларға күш көрсету және балалардың қараусыздығы) байланысты болуы мүмкін.
Қорытынды: Егер Сіз «Тәуекел тобындағы» баланы анықтасаңыз:ойланбастан араласыңыз
Сізге бәрібір емес екенін көрсетіңіз: сабыр сақтаңыз және ақыл айтпай, тыңдап шығыңыз
суицидалды ойы бар адамды ешқашан назардан тыс қалдырмаңыз
оң нәтижеге деген үміт пен сенім ұялатуға және көмек сұрау қажеттігіне көз жеткізуге тырысыңыз
қажет болғанда, адамды тікелей көмектесе алатын тұлғаға апарыңыз;
кейіннен барып тұрыңыз, телефонына қоңырау шалыңыз немесе кез келген өзіңізге қолайлы тәсілмен ол адамға өзіңізге оның жағдайының не болып жатқанының бәрібір емес екенін байқатыңыз.
Тақырыбы: «Балалардың суицидтік және аутодеструктивті мінез-құлықының алдын-алу, психологиялық кеңес беру жұмыстары
Мақсаты: Балалардың суицидтік және аутодеструктивті мінез-құлықының алдын-алу
Қатысушылар: 5-11 сынып ата-аналары,сынып жетекшілері.
Жұмыс барысы: (Психологиялық топтық кеңес беру т.б.)
Баламен дұрыс эмоционалдық қарым-қатынас орнатқан жөн,суицидтің алдын алу үшін аянбай жұмыс істеуіміз қажет.Бала мен ата-ананың арасында эмоционалды байланыстың жоқтығы баланы суицидке итермелеуі мүмкін. Суицидке баратын балалардың арасында ата-анасы ажырасып кеткендер,әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылық жанжалдар көп болатын отбасылардан шығады. Суицидтің алдын аламыз десек,ең бірінші отбасындағы хал- ахуалды түзеуіміз қажет. Өзінің психологиялық эмоциясын еркін ұстай алмайтын аналар да кезігеді .Өзінің өмірге деген өкпесін,біреуге кеткен есесін бейкүнә балаларынан алуға бейім тұратын ата-аналар да болады .Жасөспірімдердің эмоционалдық күйіне әсер етуі мүмкін кең таралған жағдайлардың бірі мектепте болатын қорқыту, арандату және кемсіту ,осы жағдайларды әрқашан баласымен,оқушымен сөйлесіп жасөспірімдерден мұндай жағдайды қалай жеңуге болатындығы түсіндіріліп отыру қажет.Психологтар жасөспірімдерге, олардың сенім артатын қандай-да бір адамы бар ма және қорқыту , кемсіту болған жағдайда ол адам көмек көрсете ала ма, соны анықтап жұмыс жасайды,бала ата-анаға,мұғалімге өз ойын ашық айта білуге үйрету керек.Ата-аналарға, депресиялық жағдайда болатын эмоциялар,белгілер туралы түсіндіріп ,балаларға қиын жағдайда жалғыз еместігіне сендіріп,көмек қолын созатынына сендіре білу керектігі түсіндірілді.
Қорытынды:
Ата-аналармен пән мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту суицидтік және аутодеструктивті мінез-құлқының алдын-алу бойынша бірлесе жұмыс жасау..
h title="тест 2" al" cl" />"
Тақырыбы: Лудомания
Мақсаты: Балаларға ойынқұмарлықтың алдын алу бойынша түсіндіру
Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары
Телефонға тәуелділік қазіргі заман дертіне айналды. Ол аздай телефонда еңбектеген бала мен еңкейген қарияға дейін қызықтыратын түрлі қосымшалар мен арнайы порталдар саны күн санап артып келеді. Дәрігерлер мен сарапшылар оның адам азғасына қаншалықты зиян екенін айтса да, оны елеп-ескеріп жатқандар кемде-кем, деп хабарлайды «10-жасқа дейінгі балаларға телефонды тәулігіне 1,5 сағат қана қарауына рұқсат. Ал одан жоғары жастағы жасөспірімдерге 3 сағатқа дейін қарауына болады. Көрсетілген нормадан артық қараған жағдайда жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Баланы телефоннан алшақтатудың тағы бір жолы – бірге отырып сурет салу немесе бірігіп ас дайындау секілді басқа нәрсеге қызығушылығын дамыту», - Ойынқұмарлық – аса қауіпті психологиялық дерт. Бұл дерт наркоманиядан да ауыр болып келеді, себебі наркологиялық, ішімдік пен шылымға тәуелділіктен адамдар емделіп жатса, ойынқұмарлықтың дауасын табу қиынға соғады. Өкінішке орай, оны маскүнемдік және нашақорлық сияқты аурулармен бір қатарға қояды. Кез келген тәуелділік – емдеуді қажет ететін теріс құбылыс. Ең алдымен, тәуелділік адамды еркіндігінен айырады, бұл денсаулық үшін өте зиянды. Өйткені белгілі бір әдетке тәуелді адам ерте ме, кеш пе, өз өмірін бақылай алмай, оның ауруының басты себебі болып табылатын затқа қатысты жүруді жалғастырады. Бұл аурудың қорытындысы адамды жақындарынан алыстатып, өмір маңыздылықтарынан ажыратады. Ойынқұмарлық адам өміріндегі басқа бөліктеріне қатты әсер етеді, бірақ оны ойнап жүрген адам өзі байқамауы, мойындамауы мүмкін. Адамның денсаулығына, жеке өміріне, отбасындағы қарым-қатынас, жұмысына, достарының арасындағы сенім, абырой-беделден айырып, осының барлығына әсер етеді. Сондай-ақ, қандай да бір тәуелділік, ол ерте ме, кеш пе, агрессияға әкеледі деген факт бұрыннан дәлелденген. Ең басты ақаулық бұл ойынқұмардың өзін ауру емеспін деп есептеуінде, ол өзін кез келген уақытта тоқтай аламын деп ойлайды. Алайда уақыт өте келе өзінің қалай құрдымға кетіп бара жатқанын байқамайды. Өкінішке орай, бұл процесті емсіз тоқтату мүмкін емес. Нашақорлық пен маскүнемдікке қарағанда, ойынқұмарлық едәуір ерте дамыған сыңайлы. Бұл тәуелділік адамның көруіне ғана емес, оның психологиялық және эмоциялық жағдайына да әсер ететін компьютерлік ойындарға қатысты.
Балалардың телефонға қатты әуес болуының бірден-бір себебі – ата-ана арасындағы қарым-қатынастың аздағы дейді психолог. Өзін жалғыз, дәрменсіз, елеусіз сезінген кезде оның ең жақын досы электронды құрылғы болатыны сөзсіз. Маманның айтуынша, баладан телефонды бірден түбегейлі бас салып тартып алуға болмайды. Бұл оның ашушаң болып өсуіне әсер етеді екен. Бастапқыда кешкі сағат 21.00-ден кейін смартфон қарамаймыз, тәулігіне 1.5 сағаттан артық телефон ұстауға болмайды деген секілді аздаған шектеулер енгізу керектігін айтады
Оқушылардың мектептегі тәртіп ережесі
Бұл ереже ҚР «Білім заңына» сәйкес М.Шоқай атындағы IT мектеп-лицейінің 1-11 сынып оқушыларының құқықтары мен міндеттеріне, қауіпсіздігіне, мектеп формасына бірыңғай талап қою мақсатында құрылған.
І.Оқушы тәртібі туралы жалпы ереже
- Оқушылар сабаққа 10-15 минут ерте келуі міндетті.
- Сабаққа оқушы ҚР Білім және Ғылым министрінің 26-бұйрығына сәйкес ұлдар — классикалық үлгідегі қара немесе қою көк шалбар, костюм, ақ көйлек, қыздар – қара немес қою көк юбка, ақ кофта киюге міндетті.
- Сыртқы киімін мектеп киім ілігішіне тапсырады.
- Сыныпта сынып жетекшісі тарапынан бекітілген орынға ғана отырып, өтілетін сабаққа қатысты оқу құралдарын даярлайды.
- Мектепке және мектеп ауласына адам денсаулығы мен өміріне қауіпті заттар, жарылғыш немесе тез тұтанғыш заттар алып кіруге қатаң тыйым салынады. Әкелген жағдайда, оқушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық есепке алынады.
- Мектеп бағдарламасына сәйкес берілген үй тапсырмаларын күнделікке толтыруға және орындауға міндетті.
- Сабаққа қатысты барлық қажетті оқу және жазу құралдарын әкелуге міндетті.
- Сабақ уақытында мұғалімдердің рұқсатынсыз мектеп ауласынан тыс жерлерге шығуға, өзге де іс-шараларға қатысуға болмайды.
- Бастауыш сынып оқушыларын мектептен сабақ уақытында немесе сабақ аяқталғаннан кейін үйге тек ата-аналары мен заңды өкілдері алып кетуі міндетті.
- Оқушы ата-анасы мен заңды өкілінің мектеп директорының атына жазған өтініш негіздемесі бойынша сабақтан босатылады.
- Оқушыға сабақ уақытында үйге немесе өз учаскесі емханасынан профилактикалық тексеруге баруға ата-анасы немесе заңды өкілінің жауапкершілігі негізінде босатылады.
- Оқушыға қалалық, облыстық, республикалық түрлі спорттық, мәдени іс-шараларға қатысуға және сабақтан босатылуға мектеп директорының бұйрығы бойынша рұқсат етіледі.Бұйрық аясында балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жауапты педагог қызметкер бекітіледі.
- Оқушы мектеп ауласы мен ішінен бөгде біреулердің заттарын тауып алса тез арада мектеп әкімшілігіне немесе кезекші мұғалімге тапсыруға міндетті.
- Оқушы сабақтан қалған күндеріне дәрігер анықтамасын, ата-анасының немесе заңды өкілінің түсініктеме хатын алып келуге міндетті.
- Оқушыларға сабақтан дәлелді себепсіз қалуға қатаң тыйым салынады. Оқушыға үш күннен артық сабаққа дәлелді немесе дәлелсіз себеппен сабаққа келмегені үшін сынып жетекші тарапынан анықтамалық құжат толтырылып, мектеп әкімшілігіне тапсырылады.Дәлелсіз себеппен сабаққа келмеген оқушы профилактикалық есепке алынып, ата-анасы немесе заңды өкілінен түсініктеме алынады.
- Оқушылар мектепте, көпшілік мәдени орындарда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, әдептілік танытуы тиіс.
- Оқушылар мектеп мүлкіне, өзінің және өзгелердің жеке мүлкіне ұқыптылықпен қарайды.
- Оқушыға бөгде біреулердің заттарын қарауға, рұқсатсыз алуға, ұрлауға қатаң тыйым салынады. Біреудің жеке мүлкін ұрлағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық есепке алынады.
- Оқушы мектепте, қоғамдық ортада, түрлі тәрбиелік, сыныптан тыс іс-шараларда өзін әдепті және мәдениетті, тәртіпті ұстауы тиіс.
- Оқушыға өзін мектеп ішінде діни сипаттағы киімдер киюге, діниэкстремистік көріністе насихат жұмыстарын жүргізуге, құқықбұзушылыққа бейім әркеттерге баруға және ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Атап көрсетілген көріністер орын алған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық есепке алынады.
- Мектеп ғимаратында «қоңырау/жауап/смс» функциялары бар мобильді құрылғыларды қоспағанда, интернет модульдермен, фото-бейнекамералармен жабдықталған мобильді құрылғыларды (ұялы телефондар, планшеттер, смарт сағаттар және соған ұқсас басқа да құрылғылар) пайдалануға тыйым салынады (оқу үдерісіне пайдалануға қажеттілік туындаған жағдайдан басқа);
- Ата-аналарға және бөгде адамдарға сабақ уақытында мектеп ғимаратына кіруге болмайды (сырттан келген қонақтар кезекші вахтаға тіркеліп, рұқсат алып кіреді).
ІІ.Оқушылардың сабақ уақытындағы тәртібі
- Сыныпқа мұғалім кіргенде оқушылар орнынан тұрып құрмет көрсетеді. Мұғалім амандасып болғаннан кейін және оның рұқсатымен орындарына отырады.Сондай-ақ, сабақ уақытында өзге де үлкен кісілер кірсе, орнынан тұрып құрмет көрсетеді.
- Әрбір мұғалім өз сабағы мен оқушылармен қарым-қатынас тәртібін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен мектеп жарғысына сәйкес ұйымдастырады.
- Сабақ уақытында шулауға, өзін және сыныптас достарын сабақтан алаңдатуға, сабаққа қатыссыз іс-әркеттермен (мобильді телефонмен, айпад, наушник т.б заттармен ойнауға, әңгімелесу, күлу) айналысуға тыйым салынады.
- Сабақ уақытында сыртқа тек мұғалімнің рұқсаты бойынша ғана шығады.
- Оқушы сабақ уақытында мұғалімге сұрақ қойғысы немесе қойылған сұраққа жауап айтқысы келсе қолын көтереді.
- Әр оқушы өз орнының санитарлық жағдайын сақтайды.Сынып бөлмесіне қағаз, сағыз т.б. түрлі заттардың қалдықтарын тастауға болмайды.
- Оқушы сабақ уақытында мұғалімнің сабақ процесіне қатысты талабын орындауға міндетті.
- Оқушы мұғалімге қойылған сұрақ пен тапсырмаларға қатысты өз ойы мен пікірін, дұрыс жауабын анық айтып, сабаққа қатысты түрлі оқу көрнеліктерін қолдана білуі тиіс.
- Дене шынықтыру сабағына оқушылар спорттық формалар мен спорттық аяқ киімдер киеді. Мұғалімнің рұқсатынсыз оқушылар спорт залдан шыға алмайды. Денешынықтыру сабағынан босатылған оқушылар спорт залда отыруға міндетті.
- Дене шынықтыру, еңбек пәнінің мұғалімдері оқушыларды сабақтан қоңырау соғылғанда ғана босатады.
- Қоңырау соғылған соң мұғалім оқушыларға өз сабағының аяқталғанын хабарлайды. Оқушылар орнынан тұрып, мұғалімнен кейін сыныптан шығады.
IIІ. Оқушылардың қоңырауда, үзілісте және ауысым аралық
уақыттағы тәртібі
- . Үзіліс кезіндегі оқушылар міндеті:
— өз партасы мен орындығының тазалығына назар аударуға;
— мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің талабын орындауға;
— мұғалім өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа даярлауға;
— үзіліс кезінде тек өз сыныбының аумағында болуға;
— мұғалімдермен, ата-аналармен, үлкен кісілермен кездескенде амандасып, жол беруге;
— мектеп дәлізінде, баспалдақта оң жақпен жүруге;
- мектеп ішінде жүгірумеуге;
— мұғалімдер бөлмесіне рұқсатсыз кірмеуге;
- Оқушыларға тыйым салынады:
— ер балаларға шаш өсіруге, әр түрлі түске бояуға, мектеп оқушысына тән емес стильде шаш үлгісін қоюға, әр түрлі зергерлік бұйымдар тағуға;
— қыз балаларға шаштарын жаюға, әр түрлі түске бояуға, түрлі зергерлік бұйымдарды тағуға, тырнақтарын шектен тыс өсіріп, бояуға;
— мектеп ішінде босқа жүруге;
— сырт киіммен жүруге;
— мектеп терезесінің алдына ойнауға, отыруға;
— дәлізде не сыныпта бірін-бірі итеруге, алысуға, түрлі заттарды қолданып күш көрсетуге;
— мектеп ішінде бейәдеп сөздер сөйлеп, шулауға, қатты дауыс шығарып күлуге;
— мектеп ғимараты мен ауласында темекі шегуге;
— сабақ аяқталғаннан кейін мектеп ішінде немесе ауласында босқа жүруге;
- Сынып кезекшісінің міндеті:
— қоңырау кезінде сыныпта болуға;
— сынып тазалығын қадағалауға;
— сыныпты келесі сабаққа даярлау үшін пән мұғаліміне көмектесуге;
- Асханадағы оқушылар міндеті:
— асхана қызметшілері мен мұғалімдердің талабын орындауға;
— сабаққа кіруге соғылған қоңыраудан кейін асханада болмауына;
— ыстық тамақ пен сусындарды өте ұқыптылықпен алуға;
— тамақ ішіп болғаннан кейін өз ыдыстарын жинауға;
ІV. Қорытынды ереже
- Ереже мектептің оқу-тәрбие процесіне қатысты барлық іс-шаралар уақытында қолданылады және жүзеге асырылады.
- Ереже педагогикалық кеңесте қаралып, мектеп директорының бұйрығына сәйкес қолданысқа енеді. Сыныптағы әр оқушы осы ережемен танысуға және орындауға міндетті.
- Ережеге толықтырулар мен өзгерістер педагогикалық кеңестің шешімі бойынша енгізіледі.
М.Шоқай атындағы №187ІТ мектеп – лицейі бойынша
Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету туралы
2025 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында келіп түсен жалпы орта, негізгі орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру туралы 5 өтінішке оң шешім көрсетілді.
№ |
Аты-жөні,тегі |
Дубликат телнұсқа (аттестат, куәлік) |
Берілген күні |
1 |
Әшім Алтынай Балғабайқызы |
Жалпы орта білім беру туралы аттестат, аттестатқа қосымша |
22.01.2025ж |
2 |
Сайфурхан Қайсар Бейбітұлы |
Жалпы орта білім беру туралы аттестат, аттестатқа қосымша |
22.01.2025ж |
3 |
Мыржакупов Канатбек Кендирбаевич |
Жалпы орта білім беру туралы аттестат, аттестатқа қосымша |
20.02.2025ж |
4 |
Нұрғалиев Нұрсұлтан Сеитмаханұлы |
Негізгі орта білім беру туралы аттестат, аттестатқа қосымша |
11.03.2025ж |
5 |
Рахманбердиев Канат Базарбаевич |
Негізгі орта білім беру туралы аттестат, аттестатқа қосымша |
12.03.2025ж |
Мұстафа Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицей
Паспорты
Салынғын жылы: 1993 жыл, 13 қараша
Жобалық қуаты: 1266 оқушы
Жер аумағының көлемі: 3,21107 га.
Жалпы алаңы: 5060,4 кв.м.
Толық атауы: «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Мұстафа Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі (ІТ мектеп-лицей)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы: М.Шоқай көшесі,147
Мектеп сайты: www.mustafashokai-187.edu.kz
Мектептің электрондық почтасы:
Оқушылар саны: 1037
Сынып жиынтығы: 41
Бағыты: жаратылыстану-математикалық
Кабинет саны: 32
Спорт залы: 288 кв.м
Футбол алаңы: 450 кв.м
Баскетбол алаңы: 450кв.м
Волейбол алаңы: 448 кв.м
Жүгіру жолы: 300м
Кітапхана қоры : 35653 дана
Көркем әдебиеттер: 8087 дана
Жалпы оқулықтар: 27402 дана
Электронды оқулық :164 дана
Акт залы: 160,1 кв.м 150 орын
Жаңа үлгідегі модификациялық кабинеттер: Математика,физика, химия, биология кабинеттері, STEM, Coworking орталығы
Қызметкерлер саны: Педагогтер саны-111, Кіші қызметкерлер саны-35
Педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейлері: Педагог-зерттеуші-40, Педагог-сарапшы-20, Педагог-модератор-29, педагогика ғылымының магистрі-12
МҰСТАФА ШОҚАЙ АТЫНДАҒЫ № 187 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МЕКТЕП- ЛИЦЕЙІНІҢ ТАРИХЫ
Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Мектеп шәкірттерге үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда.Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру – мектеп ұжымының басты мақсаты. №187 қазақ орта мектебі 1993 жылы 30 қыркүйекте Қызылорда қаласы әкімшілігінің №462 шешімімен өз жұмысын бастады. Қала орталығындағы Мұстафа Шоқай көшесінде орналасқан білім ордасына 1997 жылы қала әкімінің шешімімен Мұстафа Шоқай есімі берілді. Бүгінгі таңда білім беру – бірінші кезекте нәтижеге бағытталған толыққанды, сапалы және бәсекеге қабілетті болуы қажет. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа әдістемемен оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.Осы мақсатта «Жалпы білім беру ұйымының кейбір мәселесі туралы» 2019 жылғы 12 маусымдағы № 13513 қаулысымен мектебіміз «Қызылорда қаласы білім бөлімінің Мұстафа Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицей» Айти - мектеп – лицей) коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Мектеп ашылғалы білім ордасын басқарған әрбір басшының үлкен ұжымның алдына мақсат қойып, оны жоспарлы түрде іске асырылуына, кадр мәселесінің тұрақталуына, педагогтардың қазіргі жаңа талапқа сай потенциалының көтерілуіне жағдай жасап,педагогикалық ұжымды үнемі жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағыттауда қосқан үлесі зор. Сонымен қатар шәкірттердің білімге деген ынтасын арттыру мақсатында биік талап деңгейінен көрінуде талай игі істердің ұйтқысы болып,мектептің материалдық техникалық базасының нығаюына көп еңбек сіңірді.
1993 – 1998 жылдар аралығында мектепті Қизатова Алма Жәлелқызы басқарған жылдарымектеп ауласын көгалдандыру қолға алынып, Мұстафа Шоқай атындағы бақ ашылды. Мектеп кабинеттері заман талабына сай жабдықталды.
1998 – 2000 жылдар аралығында Нұрымбетов Тәшкенбай Қанибайұлының басшылығымен оқу-тәрбие жұмыстары біршама алға жылжып, білім сапасы артты.
2000 – 2007 жылдар аралығында мектепті Әбиев Батырбек Алтынбайұлы басқарған кезеңдері мектеп ұжымы «Сорос-Қазақстан» қорының салауатты өмір салтын сақтау негізінде ұйымдастырылған конкурсқа қатысып, 6000 $ грант жеңіп алды.
2007 жылы ақпан – қазан айлары аралығында Жәмішев Әлімхан Жәмішұлының басқаруыменмектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталды.
2007 -2012 жылдары мектепті Орманов Базарбай Айтбайұлыбасқарған кезеңде мектептің іргетасы қатайып, білім беруде үздік маман кадрларын даярлап, білікті ұстаздар қатарын көбейтті. Одан бөлек, білімді шәкірттердің санын арттырып, білім сапасының артуына ықпал ете білді. Бүгінгі таңда мектепті үздік аяқтаған түлектер еліміздің әр түкпірінде, тіпті, шет елдерде жоғары білім алуда,сонымен қатар мектеп оқушылары республикалық, облыстық байқауларда жүлдегер атанды. 2012 жылы қыркүйек-қараша аралығында мектепті Жолтаев Болат Әбенұлы басқарды. 2012 - 2019 жылдары Мусабаева Айгүл Нажмадинқызы басқарған кезеңде қазыналы білім ордасына айналған мектебіміздің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосуда.2018 жылы мектеп ұжымы «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігімен Америка Құрама штаттарының Қазақстан Республикасы елшілігінің кіші гранттар бағдарламасына қатысып, «Ерекше балалар аналар орталығы» атты жобасының 10 миллион грантын ұтты.Кабинет ерекше балалардың тірек-қимыл қозғалыстарын жақсартуға, ойлау қабілетін,танымдық әрекеттерін дамытуға, арт терапиялық жаттығулар жасауға арналған арнайы құрылғылар және ойыншықтармен жабдықталған.Кабинетте арнайы психолог, дефектолог мамандар жұмыс жасайды.2019 жылдың наурыз айынан бастап күні бүгінге дейін мектебімізді Баймбетов Ұлықпан Мылытықбайұлы басқарып келеді.
Баймбетов Ұлықпан Мылтықбайұлы 1974 жылы 30 тамызда Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. Мамандығы – тарих және құқық пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі - 29 жыл.
Еңбек жолын 1993 жылы Шымкент қаласындағы №44 Б.Момышұлы атындағы орта мектепте мұғалім қызметімен бастаған. 1994 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты №101 орталау мектепте тәлімгер қызметін атқарды. 1996-2002 жылдары Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты №145 орталау мектепте тарих және құқық пәні мұғалімі болып жұмыс жасады. Ал 2002-2003 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы №211 орта мектепте, 2003 жылдан 2010 жылдың тамызына дейін №212 орта мектепте, 2010 жылдан 2012 жылдың қыркүйек айына дейін №264 мектеп-лицейде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2012 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың қыркүйек айына дейін Қызылорда облыстық Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры қызметін абыроймен атқарған. 2014 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың қаңтарына дейін қалалық білім бөлімінің әдіскері болып қызмет жасады. 2015 жылдың қаңтар айынан 2019 жылдың наурыз айына дейін Н. Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия директоры лауазымын атқарды. 2019 жылдың наурыз айынан күні бүгінге дейін М. Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі директоры қызметін атқаруда.
Тәуелсіз мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі-дүниежүзілік білім кеңістігіне ену. Осы бағытта – әрбір білім ордасына, мұғалімдер қауымына жүктелген міндет, үлкен талап - білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу-білім реформасын жүзеге асыру болмақ,
Осы орайда 2019 жылдың наурыз айынан бастап мектебімізді басқарып келе жатқан Баймбетов Ұлықпан Мылтықбайұлының бастамасымен М. Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицей ұжымы келелі істерді еңсеріп, алдына үлкен міндеттер қойып отыр.
Бүгінгі таңда ІТ мектеп-лицейде 41 сынып, онда 1045 оқушы білім алуда. Мектеп 30 жылдық өсу, даму жолынан өтіп келеді. Қай жұмыс орнында да істің тетігін мамандар шешеді. Ендеше, білім сапасын көтеру ісі, жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру ұстаздар қауымына байланысты.Мектеп-лицейдің педагогикалық ұжымының сапалық және сандық құрамы қажетті педагогикалық потенциалмен толық қамтылған. Мектеп-лицейде 112 мұғалім еңбек етеді. Оның 44% -педагог-зерттеуші, 19% -педагог-сарапшы, 21%- педагог-модератор, 22%- педагог санатындағы жас мамандар. Қазіргі таңда мектебімізде 17 педагогика ғылымының магистрлері және 2 PHd ғалым жұмыс атқарады. Бұл барлық педагог қызметкерлердің 15% пайызын құрап отыр.Оқу тілі – қазақ. Бағыты –жаратылыстану-математикалық.Мектептің жалпы қуаттылығы 1266 орынға есептелген, 3 қабатты, жалпы ғимарат типтік жобада. Мектепте материалдық-техникалық базамен жабдықталған 34 оқу кабинеті бар.Оның ішінде соңғы үлгідегі химия, физика, биология және STEAM кабинеттерімен жабдықталса, спорт зал, акт зал, асхана, информатика, мультимедиа кабинеттері,7 стем-смарт панельталапқа сай жұмыс жасауда.Мектебіміз ақпараттық технология (ІТ) мектеп- лицей болғандықтан осы бағытта материалдық жабдықталуына назар аударылуда. Мектептің төменгі қабатында электронды жүгіртпелі жол тақтасы мектептің барлық жаңалығы туралы мәлімет беріп отырады. Оқу кабинеттерінің барлығы 20 Мбит/с құрайтын кең жолақты интернет желісіне Wi-Fi нүктелері арқылы қосылған. Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік. Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі және сапалы білім беру нәтижесінде 2021-2022 оқу жылында білім сапасы 65,2% көрсетті.
2021 - 2022 оқу жылынан бастап тәрбие саласы бойынша төмендегідей негізгі жобалар іске асырылуда: еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет ғұрып, салт - санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін-өзі басқарту арқылы қалыптастыру мақсатындағы жобалардың бірі оқушылардың өзін-өзі басқаруы ұйымы жұмысы жалғасуда, мектеп-лицей жанынан құрылған «Шоқай ұландары» дебат клубы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Ақиқат» саяси пікірсайыс клубымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келеді. Оқу сауаттылығы – табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі екендігі барлығымызға мәлім. «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасын іске асыруда мектеп-лицей кітапханасындағы «Coworking» орталығы оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін, бос уақытын тиімді өткізетін және шығармашылықпен айналысуға қолайлы алаң деуге болады. Мұнда кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрышы құрылған. Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құштар балалар санын арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады.
«Мектеп- кеме,білім-теңіз» демекші,теңіз түбіндегі інжу-маржан шәкірттер мен оның әр жылдағы түлектері адами құндылығының байлығы саналса керек.30 жылдық даму тарихы бар білім ордасында 17 «Алтын белгі» және 40 «Үздік аттестат» иегері білім ошағынан түлеп ұшып,қазіргі таңда республика облыс көлемінде ел игілігіне қызмет жасап жүргенін мақтанышпен айта аламыз.Атап айтар болсақ: Кәрібозова Айнұр – Ұлыбританияның Лондан қаласындағы Қазақстан елшілігінде І хатшы.
Ибраев Уалихан – Қызылорда облысы аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесінің директоры
Нұрмахова Нұргүл – Алматы қаласының АО «Азиякредит» банкінде автоматтандыру жүйесі бойынша бөлім басшысы.
Қалив Шыңғыс – Қызылорда облысы бойынша салық коммитетінде бөлім басшысы.
Сматов Естай – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша депортаментінің ақпараттық талдау бөлімінің маңызды істер жөніндегі офицері.
Ғалымұлы Саламат – Қызылорда облысы Сырдария аудандық ІІБ тергеу бөлімінің басшысы.
Абдуллаұлы Дастан – Қызылорда су жүйесі МКК абонент бөлімінде инспекция бақылау тобының басшысы.
Оразбаев Азамат –Алматы қаласындағы АОО КСЕLL филиалының директоры.
Жамуров Қанат – ҚР ІІМ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесінің бастығының орынбасары. Жастарды рухани қолдау, дарынды да талантты жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Елбасы медалі» республикалық жобасына қатысып, қола медаль жүлдегері атанған мектебіміздің 11 сынып оқушысы Үрмеғали Ақжан – мектеп мақтаныштарының бірі.
2021-2022 оқу жылынды 55 оқушы мектеп бітіріп, соның 39 оқушысы ҰБТ-ге қатысты. Жалпы орташа балл – 94,6%. Мемлекеттік білім беру грантын иеленгендер саны-32, бұл ҰБТ қатысқандардың- 70 % құрайды.
Мектебіміздің тарихында «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы иегері болған физика пәнінің мұғаліміБакиров Ермек ағайдың орны ерекше. Еңбек жолын 1973 жылы бастаған бастауыш сынып мұғалімі Садықова Айткүл апайымыз «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталған. Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы иегерлері Қ.Иманбердиева, А.Садықова, Р.Есбосынова, Т.Елеуова, Т.Жолдыбаева, Р.Досымова, Д.Сәрсенбаева, Б.Қазбекова, Е.Келманова, К.Айтбаева, Қ.Жанұзақова, А.Шахатова және ұрпақ тәрбиелеуде білім беру саласына қосқан үлестері үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған ұстаздарымыз Н.Бедерова, Қ.Шухаманова, Б.Дүндібаева, Н.Омарова, Қ.Едербаева, С.Бөрібаева, Б.Жанболғанова, Р.Тоқмырзаева, Б.Наурызбаева, Б.Омарханова, Ә.Құрманиязов және Р.Ысқақова сияқты ақылшы ардагерлеріміздің ұстаздық жолы бізге үлгі. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік қабілеті де кең болмақ.Қазіргі таңда мектебіміздің дамуына зор үлесін қосып келе жатқан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алматова Күлзат Елубайқызы жыл қортындысы бойынша білім салсындағы үздік жетістіктері үшін қала әкімінің «Жыл ұстазы» номинациясымен марапатталды.Мектеп-лицейде білім берудің ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен инновациялық технологияларды зерттеп,оны өз іс-тәжірибесінде қолдану арқылы оқу-тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына өз үлесін қосып жүрген білікті ұстаздарымыз –қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Рыстығұлова Анар және Нұрманова Гүлнәз Республикалық «Теле-Сабақтар» жобасы аясында көрсеткен шығармашылық ұстанымы,білім беруге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды.2019-2020 оқу жылдарында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері Сыздықова Ұлбала «Үздік шығармашыл педагог», Сқақова Айгүл «Үздік педагог» номинациясы бойынша қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталып және 150 000 теңге сыйақысын жеңіп алды. 2020-2021 оқу жылында География пәнінің мұғалімі, «Үздік авторлық бағдарлама-2021» облыстық байқауының жеңімпазы Қалжанова Раушан қала әкімінің 150 000 теңге сыйақысын жеңіп алып ,Түркістан қаласында өткен «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас» атты республикалық география пәні мұғалімдерінің сьезіне делегат болып қатысып,баяндама оқыды.ІТ мектеп-лицейі ретінде білім ордасының мақсаттарының бірі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді STEM бағдарламаларымен кіріктіре оқыту арқылы нәтижелі білімге қол жеткізу.Осы орайда мектебіміздің жас маманы,п.ғ.м Ахатай Ақжан Ақарыстанқызы Қазақстандағы білім беру мен цифрландыру саласындағы отандық мамандар тобының қолдауымен іске қосылған STEM тренерлерін даярлаудың халықаралық Қазақстан-Тайланд оқыту бағдарламасы бойынша республикалық конкурсының грант иегері атанып,Республикалық STEAM тренер атанған жас маман.Сонымен қатар Ахатай Ақжан 2022 жылы Алматы қаласында математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналған IX Халықаралық шығармашылық байқауында математика пәні бойынша жүлделі III орын иеленді.«Цифрлы Қазақстан» бағдараламасын іске асыру мақсатында ІТ мектеп-лицейде Bala QR жобасы жүзеге асырылуда және Қызылорда облыстық «Ақпараттық технологиялар орталығы» қолдауымен «Grand Master бағдарламалау мектебі» арасында ақпараттық технология бағытындағы жұмысты жетілдіруде бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес 9 сынып оқушылары Шапшаң Абылай және Арипов Абылай Өзбекстан республикасы Ташкент қаласында ІТ жобалар сайысына қатысып арнайы сертификаттар иеленді.
Пәндік олимпиада –дарынды оқушылардың шығармашылығын шыңдайды. Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылық жетелеу. Осы бағытта мектеп оқушылары пәндік олимпиада да жоғары нәтижелерге қол жеткізді 2020-2021 оқу жылында 11 сынып оқушысы Кішкенбай Асқар құқық пәні бойынша облыстық олимпиаданың ІІ орын иегері атанып, 2021-2022 оқу жылында 5 сынып оқушысы Ғалымжанқызы Қарақат тарих пәнінен облыстық кезеңде жүлделі ІІ орын иеленді.
Мектеп-лицейдің ұстаздары оқушыларды оқу-тәрбие үдерісінде жаңаша серпін мен шығармашылық жұмыстарға баулуда оқушылар арасында өткізілген қалалық, облыстық, республикалық түрлі тақырыптағы шығармашылық және ғылыми жобалар байқауларына қатысып,жүлдегер атануында қосқар үлесін де мақтанышпен айтуға болады. 2019-2020 оқу жылынан бері Жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын» РҒПО өткізген ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Әбілда Еркежан қазақ тілі пәні бойынша І орын, Избенбетов Ақылбек ағылшын тілі пәні бойынша, Шамшатдинов Бекарыс математика пәні бойынша ІІІ орын иеленді. 7 сынып оқушысы Серік Нұрдәулет «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде «Робототехника» бағыты бойынша жүлделі ІІ орын иеленіп, 11 сынып оқушысы Болатұлы Барысхан «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық идеялар облыстық фестивалінде физика пәні бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің грантының Сертификатын жеңіп алды. Мектеп тарихына енген үлкен жетістіктеріміздің бірі- 11 сынып оқушысы Ерболатұлы Сәкен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауында «Компьютерлік графика және 3D модельдеу» номинациясының жеңімпазы атанып,Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Балалар жылын аяқтау іс-шарасына орай өткізілген «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары:қорғаудың жаңа тетіктерін енгізу» балалар өкілдіктерінің Республикалық кеңесімен кездесу шарасына Қызылорда облысы атынан мектебіміздің 10 сынып оқушысы Алдаберген Ақмаржан қатысты.Қазақстан Республикасы Оқу және ағарту министрі А.Аймағамбетовпен кездсу барысында Қызылорда қаласы бойынша «Жасұлан » ұйымының Ұланбасы, бала өкілі, оқу үздігі, Дебат қозғалысының белсенді мүшесі шәкіртіміз Ақмаржан «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп парламенті», «Мектеп театры» және Дебат жобалары аясында атқарылған жұмыстары жөнінде айтып, өз ұсыныстарымен бөлісті.
Мектеп-лицейдің даму бағдарламасының басты миссиясы- инновациялык, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың жеке, шығармашылық және ғылыми -зерттеушілік қабілеттерін зерделеу, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау болса, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді STEM бағдарламаларымен кіріктіре оқыту арқылы нәтижелі білімге қол жеткізуді басты мақсат етіп отырмыз.
Ең басты міндеттеріміздің бірі –оқушының сапалы білім алуы мен дамып өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасаумен қатар «ІТ математика » жобасын қолға алып, жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба барысында мектеп-лицей оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шараларды іске асыру, әрбір педагог қызметкердің жұмыс нәтижесі, білім сапасы (есепке алу, сараптау, талдау, бағалау) туралы электрондық ақпараттық банк құру ,мектеп –лицей оқушыларының білім сапасын бағалау, мониторинг жүргізу және білім беру үдерісін бақылаудың жаңашыл, заманауи электрондық түрлерін енгізу мектеп-лицейдің басты міндеттері. Ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытуда мектеп ұжымының алдында әлі де жетер жетістіктері, алар асулары, бағындырар белестері алда.